Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Халықаралық әйелдер күні 8-наурыз мерекесімен!


13 марта 2013, 12:51 | 1 030 просмотров


Халықаралық әйелдер күні 8-наурыз мерекесімен Медициналық сараптама бөлімінің бастығы Язгүл Алтынбекованы құттықтай отырып, мына өлең жолдарын арнаймын.

Язгүлге

Ұялап жанға жылу гүл өңіңнен,

Жарымжан орын алдың, жүрегімнен.

Созылды көмек қоың тірлігіме,

Ішінде күйікті тұрмыс жүр едім мен.

Язгүлдей ару ана,

Ашық-жарқын мейірімді.

Қам көңілге зәру дауа,

Санаймыз ақ пейліңді.

Жақсылық жаршысы боп әз еліңде,

Шапағат мұндалайды жаз ледіңде.

Аялап аянышты адамдарды,

Кенелттің Отаныңның жәрдеміне.

Сұлуық сымбатың нұр шырағы,

Аққудай ақ тілекпен жыр шуағы.

Мұқтаждар ғұмырына құйыла бер,

Көктемдегі сияқтанып күн шуағы.

Автор:
Сәйден Көксеген, Текелі қаласы