Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Қуатжан Тұрарұлы Тұрысбеков, Алматы облыстық көпсалалы клиникалық ауруханасы директоры:


13 марта 2013, 12:57 | 1 224 просмотра


Алматы қалаласы Облыстық көпсалалы клиникалық ауруханасы ұжымының әйелдер қауымын көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйедер күнімен құттықтаймын. Ауыр да ардақты мамандықты таңдап, аяулы ана, асыл жар бола білген қызметкерлеріміздің еңбеңгі орасан зор. Аянбай еңбек етіп, адам жанының арашасы болып жүрген нәзік әріптестеріміздің біліктілігі жоғары, жүрегі кең, күш-жігері мол. Аурухана ұжымының әйелдер қауымы ажарына ақылы сай, нәзік те биязы, көрікті де келбетті жандар. Құрметті, нәзік жанды әріптестерім, сіздерді көгілдір көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурызбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, істеріңізге табыс тілеймін. Көздеріңіз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп, көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын! Осынау жарқын мереке күні мәңгілік жастық алауын, адал махаббат жылуын, шынайы сүйіспеншілік шуағын тілеймін.