Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Салауат Сламжанұлы Сарсембаев, Алматы облыстық туберкулез диспансерінің бас дәрігері:


13 марта 2013, 13:02 | 1 771 просмотр



Жер жаннаты Жетісудың құрметтті ақ жаулықты асыл әжелерін, аяулы аналарын, ақыл беріп арқа сүйер әпкелер мен жеңгелерін, сүйкімді де қылықты қарындастарын, ақ халатты абзал жанды әріптестерін ару көктем мерекесімен шын жүректен құттықтап төмендегі жыр шумақтарын жолдайды.

«8 – наурыз» төл мереке иелері,

Бар адамзаттың табынары мен киелері,

Қуанғанда қасыңнан табылып, қиналғанда сүйенері.

Мейірімділік пен тыныштықтың жаршылары,

Махаббат пен сүйіспеншіліктің мөп-мөлдір тамшылары.

Сүйкімді қылығымен сағындырған,

Қажет кезде аһ дегізіп сан ұрғызған,

Әсем көркімен, жүрегінің өртімен

Не бір патша мен даналарды табындырған.

Пәк сезімді, аяулы да асыл жандар,

Жауқазындай жайнаңдар,

Солмаңдаршы, аяққа басылмаңдар!

Сіздерге шынайы көңілден зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!