Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚҰТТЫҚТАУ! Оспанғали Баймолдаұлы Ниетбаев - Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын «Талдықорған тері-венерологиялық диспансерінің» директоры:


13 марта 2013, 13:05 | 1 622 просмотра



Құрметті де қадірлі, аяулы ару әріптестер!

Сіздер құқық бойынша, үлесім мен келісім, тұрақтылық бекітетін, ортамыздың негізі болып табыласыңдар. Сіздер осы уақытқа дейін осы сенім үдесінен шығып келесіздер, әрі қарай да осы бағытта жұмысты жалғастыра береді деп сенемін.

Сіздерді 8 Наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің алғашқы нұрына бөленген осынау мереке өздеріңізге бақыт пен махаббат әкелсін!

Жұмыстарыңызға табыс, отбасыларыныңға аманшылық, мықты денсаулық тілеймін.

Салауат Сламжанұлы Сарсембаев ,

Алматы облыстық туберкулез диспансерінің бас дәрігері:

Жер жаннаты Жетісудың құрметтті ақ жаулықты асыл әжелерін, аяулы аналарын, ақыл беріп арқа сүйер әпкелер мен жеңгелерін, сүйкімді де қылықты қарындастарын, ақ халатты абзал жанды әріптестерін ару көктем мерекесімен шын жүректен құттықтап төмендегі жыр шумақтарын жолдайды.

«8 – наурыз» төл мереке иелері,

Бар адамзаттың табынары мен киелері,

Қуанғанда қасыңнан табылып, қиналғанда сүйенері.

Мейірімділік пен тыныштықтың жаршылары,

Махаббат пен сүйіспеншіліктің мөп-мөлдір тамшылары.

Сүйкімді қылығымен сағындырған,

Қажет кезде аһ дегізіп сан ұрғызған,

Әсем көркімен, жүрегінің өртімен

Не бір патша мен даналарды табындырған.

Пәк сезімді, аяулы да асыл жандар,

Жауқазындай жайнаңдар,

Солмаңдаршы, аяққа басылмаңдар!

Сіздерге шынайы көңілден зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!