Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚҰТТЫҚТАУ! Мырзахмет Шакерұлы Ережепов, «Күншуақ» балалар туберкулезіне қарсы санаториясының бас дәрігері:


13 марта 2013, 13:12 | 2 518 просмотров



Құрметті ақ халатты Арулар!

Сіздерді өз атымнан және өзім еңбек ететін ұжым атынан келе жатқан 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

Кез келген өсер елдің бақыты- әрбір әйел, әрбір-ана бақытынан бастау алатыны және солардан тарайтын ұрпақ бақытымен жалғасса ғана баянды болары ақиқат.

Медицина қызметкерлерінің еңбек армиясының басым көпшілігі ақ халатты арулар екендігі белгілі және аяулы әйелдердің жұмсақ алақанынсыз елді емдеу, жалпы денсаулық сақтау саласының қызметін елестету де мүмкін емес.

Сіздер бір ғана отбасының немесе қауымның ғана емес, бүкіл елдің қамқоршы қарлығаштары , бейбіт күннің аппақ көгершіндері бола білетіндеріңізге, үнемі биіктерден көрінетіндеріңізге сенемін.

Жүздеріңізден күлкі кетпей, үнемі қуаныш нұры төгіле берсін. Бастарыңызға бақыт ұялап; еліміздің денсаулық сақтау саласын нығайтуда зор жетістіктерге жете беріңіздер. Мерекелеріңіз құтты болсын!