Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ХИРУРГКЕ КЕРЕГІ – ҚОЛ, КӨЗ, ҚАБІЛЕТ


13 марта 2013, 13:16 | 1 820 просмотров



...Егер елге деген сағыныш болмағанда, оның өмір жолы өзгеше өріліп, тіптен басқа салада жүрер еді. Ғарышқа жіберілетін құрылымдарды жинап немесе осы салаға қатысты бір техниканың тетігін ұстары кәміл болатын. Сол кезде екінің бірі түсе алмайтын, бүгінгі университеттерге бергісіз, Мәскеудегі Бауман атындағы жоғарғы техникалық училищенің бірінші курсын тәмамдаған соң, ауылға қарай алып-ұшты. Содан қайтып оралмады. Осылайша, ел мен жерге деген сағыныш өмірін күрт өзгертіп, өзге арнаға бұрып жіберді. Осы қадамына өзінің отыз жылдық еңбек жолында еш өкінген емес. Өйткені ол бүгінде темір құрастырып, ғарышқа емес, адам жанын арашалап, халыққа қызмет етіп жүр...

Біздің бүгінгі кейіпкері¬міз атақты қоғам қайраткері де, саясаттың жілігін шағып, майын ішкен сарапшы да, белгілі бизнесмен де, ғылыми атағы дардай ғалым да емес. Ол – өз кәсібінен нәсібін теріп жүрген қарапайым дәрі¬гер. Газетіміздегі «Маманмен бірге – бір күн» атты айдар¬дың алғашқы кейіпкері. Бұл айдарда біз көпшілікке белгі¬лі кәсіп иелерінің белгісіз қырларын ашуға тырысамыз. Қасында жүріп, қызметінің қырсырына үңілеміз, көзбен көріп, қолмен ұстағанымыз¬ды, жадымызға түйгенімізді жазамыз...

Құдай бетін ары қылсын, кейде адамның жаны бірінші Алла, екінші дәрігердің қо¬лында болатын кез туындай¬ды. Сонда адам жанының араша¬шысы болар дәрігерлерден артық жан жоқ жер бетінде. Өз қызметіне адал, маманды¬ғын сүйетін, ісін жақсы біле¬тін маманға жолықсаң, бағың...

Абай Мырзабеков Алматы қаласындағы белгілі хирург, медицина ғылымдарының докторы Бо¬латбек Баймаханов басшы¬лық ететін №7 клиникалық аурухананың 2 нейрохирур¬гия бөлімінде жұмыс істейді. Өмір бойы осы салада келе жатқан жоғары дәрежелі хи¬рург – Шайымның ұлы талай қиыншылықты кездестірсе де, таңдаған мамандығына де¬ген адалдығынан танған емес...

«Қасыңызда күні бойы жү¬ріп, жұмысыңыздың қыр-сырын білсек» деген өтініші¬мізге бірден келісімін бер¬ген жоқ. «Қажеті қанша оның» деп біраз қарсыласқаны¬мен, қиылып сұрап тұрғаннан кейін, өтінішімізді жерге тастауды жөн көрмеді. Осы¬лай¬ша біз дәрігердің қасында 2 күн жүрдік...

Бірінші күн.

Таңғы сағат тоғыздардың шамасы. Таңғы жиналыстан шыққаннан кейін, дәрігерлердің бөлмесіне алып келіп, бірден үстіме ақ халат, басыма чепчик, аяғыма бахил кигізді. Кәнігі әдетіме басып, жан-жағыма барлай қарадым. Екі компьютер, төрт стол, бір шкаф, бір диваннан басқа басы ар¬тық дүние жоқ. Аурулардың сырқатнамасы ұқыпты жиналған. Қабырғада бастың УЗИ-ін қарайтын құрылғы ілініп тұр. (Атын нақты білмесем де, солай деп шамаладым.) Бөлімшеге бөгде адамды кіргізбейтіндіктен, ел¬дің көзіне ерекшеленбес үшін, сұра¬ған жандарға Абай аға «менің курсан¬тым, мединститутта оқиды» дей салды.

Ең алдымен кеше ота жасаған жандар бар, бұрыннан жатқан науқастар бар, солардың хал-жағдайын білу үшін «обход» жасап келдік. Бір қызығы, әр дәрігердің науқастары жататын өзінің палаталары болады екен. Абай Шайымұлына тиесілі үш палатада – көлік қағып миы шайқалған, мұзға тайып жарақат алған, қан қысымы көтеріліп құлаған, миына қан ұйыған науқастар жатыр. Әр науқасқа жеке барып, бүгінгі алынатын емшара жайын, денсаулық жағдайын түсіндіріп, сұрақтарына жауап берді.

Мына қарияны жолдан өтіп бара жатып көлік қағып кеткен екен. Соның салдарынан миы шайқалып, оң құлағына зақым келгендігін айтады Абай Шайымұлы. Жасы шамамен сексенге келген қарт дәрігерінің келгеніне қуан¬ды ма, орнынан тұрып, қауқалақтап қал-ды. «Бір ауыз сөз адам жанын жаза¬тыны» рас-ау шамасы. «Бәрі жақсы» деген сөзді естіген қарттың жүзінде жымиыс пайда болды.

– Күніне қабылдау бөлімінде жедел көмекті қажет ететін елу шақты жан түссе, соның 10-12-сі нейрохирургия бөліміне келеді. Соның ішінде ота жасауды қажет ететіндер болса, кезекші дәрігерлер жасайды. Мәселен, мына науқас менің кезекшілігімде ауруханаға бас жарақатымен түскен. Екі жағына ұйып қалған қанды алдық, қазір ем алып жатыр, – дейді Абай Шайымұлы.Аурухана төсегіне таңылған жан¬дардың көзінен күдік пен үміт байқалады. Өте ауыр жағдайда түскендері «халім нешік болады-ау» деп уайым¬дағанымен, күдікті бәрібір үмітке жең¬діреді. Өйткені дәрігер жағдайының жақсы болатынына сендіріп кетті...

Науқастарды аралап шығып, дәрігерлер бөлмесінде отырғанымызда, бір жігіт қолындағы инелерін алдыруға келді. Абай Шайымұлының класси¬калық медицинамен қатар, Шығыс медицинасынан хабары бар боп шықты.

– Біраз жыл бұрын Сеул қаласын¬дағы «Шығыс медицинасы» университе¬тінде 4 жыл оқып, осы кәсіпті үйрен¬дім. Бұл – тарихы мыңжылдықтармен саналатын, әсіресе, Кореяда кеңінен қолданылатын емнің түрі. Тарихи ки¬но¬ларында көп көрсетіп жатады ғой. Шығыс медицинасына жататын ине салу – көптеген ауруларға ем. Оны да бір¬неше жыл оқу керек. Классикалық медици¬нада бір ағза бір қызметке жауапты болса, Шығыс медицинасында 14 биоэнерге¬тикалық өрістер бар деп пайымдалады. Оның 12-сі жұп болса, қалған екеуі тақ. Солар арқылы адамның биоөрісі дұрыс өтуі керек. Егер бір жері бітеліп қалса, адам ағзасында ауру пайда болады. Бұл ауруларды қолдың өрісі, уқалау, ине салу арқылы емдейді. Адамның өрісі дұрыс айналып тұрса, инь мен янь тең болса – аурудан айыққаны. Ине салу арқылы қай жерің ауырсынып тұрса, соны қойдыруға болады. Алайда оның нүктелерін білу керек. Бір жылда 365 күн болса, адам бойынша 365 энергетикалық нүкте бар. Бір нүкте адам денесінің бір ағзасына жауапты. Мәселен, ине салу арқылы мына жігіттің қан қысымын қалпына келтірдік. Негізі инені бірнеше күн қабылдаған жөн, – деп әңгімесін бастай бергенде, науқастардың жарақатын таңуға шақырды. Басы¬нан түрлі жарақат алған науқастарды мейірбикелер қоларбаға отырғызып, таңу бөлмесіне алып келді. Бұл бөлмеге міндетті түрде мұрынжапқыш арқылы кіру керек. Қолын шайған дәрігер ре¬зіңке қолғап киіп, науқастың жарасын таңа бастады. Басына қан ұйыған мына бір әйелдің бассүйегін тесіп, ұйыған қанды арнайы түтік арқылы сыртқа ағызып қойған. Бұл – нейрохирургияның соңғы жаңалықтарының бірі. Бұрын ұйыған қанды алу үшін бас сүйегін кесу керек болса, қазір компьютерлік тамография арқылы қай жерде орна¬ласқанын тауып, кішкентай ғана те¬сік жасап, сыртқа ағызып жібереді. Кабинетке келгеннен кейін, әлгі нау¬қастың компьютерлік тамографиясын көрсетіп тұрып әңгімесін жалғады:

– Негізі, мидың екі жарты шары бірдей болуы керек. МРТ-ға түсірген суретте ұйыған қан ағарып көрінеді. Мұнда ұйыған қан миды қысып тастаған, мишығы тіптен көрінбейді. Мұндай гематома адам құлаған кезде, басынан жарақат алғанда пайда болады. Кейбір кездері қан қысымы көтерілген кезде де шығуы мүмкін. Аталмыш жағдайда науқас басы ауырған соң дәрігерге кел¬ген, оны зерттеуге жіберіп, нәтижесінде қан ұйығаны анықталған. Ми қысылған кезде, дер кезінде емдемесе, адам өліп кетуі де мүмкін. Алғашқы кезде бас ауырып, жүрегі көтеріліп, құсады. Бір жақ қол-аяғы істемей де қалуы мүмкін. Адам миының сол жақ жарты шары оң жақ қол-аяғына жауап берсе, мидың сол жақ бөлігі сөйлеу, түсіну қабілетіне жауап береді. Егер сол жақ қысылса дұрыс сөйлей алмай, айтқан сөзді дұ¬рыс түсіне алмай қалады. Сондай-ақ оң жақ – аяқ-қолдың қимылына жауап береді. Осындай белгілер пайда болып, алайда емделмесе, ес-түссіз жатып қалуы мүмкін. Осындай кезеңде ота жасалмаса, адам дүниемен қоштасады,–деп тұжырымдайды Абай Шайымұлы.

Жалпы, ауруханада 4 нейрохирургия бөлімі болса, оның әрқайсысы жеке-жеке бағыт алған. Мәселен, Абай Шайымұлы жұмыс істейтін бөлімшеге ми жарақатын алған науқастар келіп түседі. Бір бөлімшеде ми ісіктеріне ота жасалса, келесісінде жұлынына зақым тиген науқастар жатады. Екінші бөлімшеде ми жарақатына ота жасайтындықтан, адамның бас сүйегі сынып, ішіне кіріп кеткен, миға қан құйылған кезде қабылдайды. Миға қан құйылуының да бірнеше түрі болады екен. Мәселен, мидың қабығы мен сүйектің ортасын¬да, немесе сүйек сынса, соның астында қан ұйып қалады. Екінші түрі, мидың қан тамырлары үзіліп кеткеннен кейін, ми мен қабықтың ортасында қан жиналып қалады. Үшіншісі – қан қы¬сымы көтерілгеннен немесе ми ұрылғаннан мидың ішіндегі қан тамырлары үзіліп, ішінде қан жиналып қалуы мүкін.

– Бұлардың әрқайсысы да қауіп¬ті. Бас түрлі бөліктерден тұратындықтан, оған жасалатын ота да әртүрлі. Қазіргі кезде ісіктің, ұйыған қанның қай жерде орналасқанын бірден тауып беретін құрылғылар шықты. Ең бірін¬ші, науқастың шашын алып, дайындап, наркоз береміз. Гематоманың қай жер¬де екенін арнайы құрал арқылы анықтаған соң, сүйекке бірнеше тесік салып, сымнан жасалған арнайы ара арқылы кесеміз. Сүйекті көтеріп, ота біткеннен кейін орнына қоямыз. Ол адамның есіне байланысты. Егер науқас ес-түссіз жатса, онда сүйекті алып тастаймыз. Нейрохиругтің кәсіби дәрежесі ота кезінде мидан аққан қанды дер кезінде дұрыс тоқтата білумен өлшенеді. Бір ота орта есеппен 2-3 сағатқа созылады. Ота кезінде адам тірі болса, онда адамның миы бүлкілдеп, демалып тұруы керек. Оның демалысы қан айналымына байланысты. Егер қатты жарақат алып, ми ісініп тұрса, оның жағдайын көзбен көре алмайсың. Бүлкіл тоқтап қалса, науқастың о дүниеге аттанғаны. Миды қысып тұрған ісікті, ұйыған қанды алып тастағаннан кейін, ми төмен түседі де, қан айналымы жақсарады. Яғни бір адамның өмірі сақталып қалды деген сөз...

– Алғаш жасаған отаңыз есіңізде ме?

– 1974-80-жылдары М.Мәметова атындағы Алматы медициналық инс¬титутта оқып жүргенде, №2 аурухана¬да 3 жыл медбрат болып істедім. Сол кездің өзінде қабылдау бөліміне түс¬кен науқастардың жарақатын таңып, түрлі оталарға қатысатын едім. Оқуды бітіргеннен кейін әскерге алып кетті. Ол жақта 1981-83-жылдары әскери дәрігер болып қызмет атқардым. Әскери бо¬рышымды өтеп келгеннен кейін, жолдама бойынша Қызылорда облысы, Жа¬лағаш ауданының ауруханасында хирург боп жұмыс істедім. Жалпы, хирур¬гия саласы болғандықтан, қандай нау¬қас түссе, соған ота жасаймыз. Дегенмен бәрін бүге-шiгесіне дейін білу үшін көпжылдық тәжірибе қажет. Ол кезде бала-шағам бар, аудандық аурухана¬да 1985 жылға дейін істеп, сол жылы Алматыға оралдым. Кезінде медбрат болып істеген №2 ауруханаға барып, жұмысқа орналастым да, нейрохирургтың курсын сол жерден өттім. Содан бері осы саланың ыстығына күйіп, суығына тоңып келеміз. 1991 жылы Қа묬қаман ықшамауданында №7 қа¬лалық аурухана салынғаннан кейін, барлығымызды осы жерге көшіріп алып келді, – дейді Абай Шайымұлы.

Дәрігер сол бір кезеңді еске түсіргенді ұнатпайды. Өйткені өтпелі кезеңде ешкімнің бал жаламағаны анық. «Ол кезде рэкет деген бәленің қағынып тұр¬ған шағы.. Күнде атыс-шабыс. Қабылдау бөлімінде тыным жоқ...

- Дәрігерлік қателік деген нәрсе бар...

– Адам болғаннан кейін, кішігі¬рім қателіктер болып жатады. Алайда науқас өміріне қатер төндірген үлкен кателік жібердім деп айта алмаймын. Біз оқып жүрген кезде Евгения Анд¬рейқызы Азарова деген кісі кафедра меңгерушісі болатын. Ол кісі талай ней-рохирургтарды тәрбиелеп шығарды. Сол ұстазымыз «жұмыс істемейтін адам ғана қателеспейді» деуші еді. Сон¬дықтан кім болса да қателесуі мүм¬кін. Негізі, біреудің қатесінен сабақ алған жөн ғой...

Абай Шайымұлы өзі жасаған отаны санаған емес. Дегенмен дәрігерлер де істеген жұмысына есеп өткізетіндік¬тен, оның санын оңай шығарып алуға болады. Апта сайын жоспарлы түрде 3-4 ота жасалса, кезекшілік кезінде ауыр жарақат алып, жедел көмекті қажет ететін науқастарға байланысты. Жы¬лына шамамен жүзден аса ота жасалବды.

Кейде тіпті таңертеңгісін операция¬лық бөлімге кіріп, қатарынан 6 ота жବсап, ертесі күні таңертең шыққан кездер болған. Ол адамға, заманға байланысты...

Бір естелік

– 86-жылы Желтоқсан оқиғасы кезінде бір бригадада 18 адам жұмыс істедік. Соның өзінде үлгермейміз. Еске түссе, көзге жас үйіріледі. 16-сы күні бәрі тыныш еді. Тек 18-нен бастап ауыр жарақат алғандар түсе бастады. Алаңға шыққан жастарға «қару қолдануға болады» дегеннен кейін, барлығын саперлік күрекпен ұрған. Ауыр жарақатпен түскен жандарды сыйдыру үшін бүкіл терапия бөлімдеріндегі ауруларды тез-тез шығарып жіберді. Сонда ауруханаға 1 күнде 250 адам түсті... Өзге ауруханаларға барып жатқандары қаншама. Операциялық бөлім деген босамайды. Кәдімгі ұзын-сонар кезек... Каталкалар келіп жатыр... келіп жатыр... Сол кезде Ербол Сыпатаев өте күрделі жарақат алған екен, бірнеше күннен кейін жансақтау бөлімінде көз жұмды. Торғайдың Қаптаев деген жігітіне мен ота жасадым, ол кейін адам қатарына қосылды... Көз алдымызда өткеннен кейін, бәрімізге қиын тиді. Құдды соғыс майданында жүрген сияқтысың, бір минут бос уақытың жоқ. Барлығы қазақтың қаракөздері еді. Ертесі күні ауруханада КНБ, милиция деген қаптады. Өкініштісі, ауруханаға келіп, жаны қалғандардың барлығы тізімге түсіп, сотталып кетті...

Дәрігердің «жұмыс уақытым бітті» деп, дәл уақытында үйге қайтып кетуі сирек. Тіпті сенбі-жексенбі күндері келіп, науқастардың хал-жағдайын біліп отырады. Адам өз кәсібіне үлкен махаббатпен келіп, беріліп істеуі ке¬рек. Мамандықты жақсы көргенде ғана

алға ұмтылып, біліміңді тереңдете түсесің. Бұл – Абай Шайымұлының пайымы.

– Институтты бітіргеннің барлы¬¬ғы білікті маман бола бермейді. Дәрігер¬¬дің үйренуі үшін кемінде 5-6 жыл керек. Бәрі адамның ынтасына, қабі¬летіне байланысты. Қай дәрігер болса да, медицинаның барлық саласынан ха¬бары болуы керек. Біздің алған

білі¬міміз жақсы болды ма, әйтеуір, институтта оқыған пәндеріміз есімізде. Алайда отыз жылдық тәжірибемде «осы жұмыстан шаршап кеттім, басқа салаға кетейін» деген ой болмапты. Үкімет уақтылы еңбек демалысыңды беріп тұрады. Нейрохирургтардың еңбек демалысы – 60 күн. Оны біз бір жылда екі бөліп аламыз. Мидың дема¬лып, ағзаның күш-қуат жинап алуына сол уақыт жетіп жатыр. Негізі адам жұмысқа қуанып барып, қуанып қайтуы керек. Үйде құдай қосқан қосағың, бала-шаға, немере күтіп отырады.

Қазір заман тыныш, адамға басқа не керек?,– дейді Абай аға. Мұғалімдер секілді, дәрігерлерде де жазу өте көп. Ертеңгі шығатын науқастардың сырқатнамасын бүгін дайындап қоюы керек. Ол кем дегенде 3-4 сағатты алады. Дүйсенбі күні 3 нау¬қас ауруханадан шығатын болған¬дықтан, Абай Шайымұлының жазуына

кедергі келтірмейік деп, қайтып кеттік...

Екінші күн

Ал бүгін – жоспарлы отаның кезегі. Көлік апатына түсіп, бас сүйегі сынған науқастың басына жасанды, пластмассалы сүйек салынады. Мұн¬дай пластикалық оталар екі күн¬нің бірінде жасалынып жатады. Операциялық бөлімге екінші кезекте кіретін болғандықтан, Абай Шайымұлы нау¬қастарын аралап шықты. Жансақтау бөліміне де кіріп шықтық. Өмір мен өлімнің арасында арпалысып жатқан жандарды көргенде, жүрегің қан жы-лайды. Есі кіресілі-шығасылы жатқан жандардың сау жері жоқ. Жүрегі нашар жандардың жансақтау бөлімінен алыс жүргені жөн шығар деген ой келді.

– Адам есінің деңгейлері бар. Таза ес, кіресілі-шығасылы ес, кома бір, екі, үш деп кете береді. Олардың өзінің белгілері болады. Жансақтау бөлімінде жатқан жаңағы келіншек екінші деңгейдегі комада жатыр. Ол үшінші деңгейге өтіп кетсе, адам өліп кетеді. Сол үшін дер кезінде нақты көмек берген тиімді. Қазір бүкіл ауруханаға қызмет етіп тұрған компьютерлік тамография жұмыс істемей қалды. Бұл – нейрохирургия үшін үлкен мәселе. Өйткені науқастарды тамографиядан өтуге өзге клиникаларға жіберуге мәжбүрміз. Мәселен, шетелде заң бойынша әр нейрохирургиялық науқас тамографиядан өтуге міндетті. Ол тек үлкен қалаларда емес, аудан ор¬талықтарында да болуы керек. Өйткені баспен ойнауға болмайды. Кезінде компьютерлік тамография жоқ кезде миға қан ұйып қалғанын, баста ісік бар екенін аниграфия арқылы жасайтынбыз. Қазір оны жастар білмейді. Сондық¬тан осындай үлкен ауруханаға біреудің өзі аздық етеді.

...Ал операцияға кететін жігітті мейірбикелер дайындап жатыр. Қан¬ша уақыт өтсе де, дәрігердің өзі ота жа¬са¬ған адамдары есінде.

– Мәселен, Медеев деген кісі кезек¬шілік кезінде өте ауыр жарақатпен түсті. Құрылыс алаңында құлап, бас¬пен түскен. Тамографияға түсіргенде, бас сүйегі қарбыз жарылғандай шашырап кеткенін көрдік, тек терісі ұстап тұр. Оған қоса, миына қан құйылған. Бізге алып келген кезде оның өмірі қыл үстінде тұр еді. Мамырдың 11-де сынып жатқан сүйектерді алып, ісініп жат¬қан миды босаттық. «Өледі-ау» деген науқас, жансақтау бөлімінде ұзақ жатса да, жазылып кетті. Ақыры аурухана¬дан өз аяғымен шықты. Айта берсек, мұн¬дай мысалдар көп, – деп жымияды Абай Мырзахметов.

Ота жасайтын кезек те келді. Бізге бір қолдануға арналған халат, чепчик, бахил кидіріп, операциялық бөлімге алып келді. Өмірімізде операция¬лық бөлімге кіріп көрмегендіктен, бойым¬ды шыны керек, қорқыныш сезімі билеп кетті. Күнделікті жасап жүрген ота болса да, дәрігер қолындағы қан¬дауырдың қалт етпегені керек. Дегенмен дәрігерлер салқынқанды, тіпті бір-бірімен қалжыңдасып жүр. Хирург¬тің көмекшісі «Абай ағай «Аватарға» түсейін деп жатыр, мынау соның «фото¬пробасы» деп қояды.

Операциялық бөлімшеге кіргені¬мізде, стерильдi құрал-жабдықтар тұрған столға жақындамауымызды ескерткен дәрігер киім ауыстыруға кіріп кетті. Бастан-аяқ зарарсыздан¬дырылған киімдегі дәрігерге қарап, шынымен де жатжерлікке ұқсайты¬нын байқайсың. Бір операцияға 1 мейір¬бике, бір анестезиолог-дәрігер, екі хи¬руруг қатысты. Каталкада жатқан жанға арнайы тыныс алатын аппа¬раттарды кидіріп, наркоз берді де, тура сағат 12-де бастап кетті. Алдымен кесілетін бас терісін жақсылап үш мәрте йодпен, екі рет спиртпен сүртіп, зарарсыздандырып алды да, теріні тілгілей бастады...

... Одан ары қарап тұруға қызығу¬шылығымыз қанша жеңсе де, шыны керек, жүрек шыдамады. Хирургтің қолындағы қандауыр қылпылдап, бас терісін кесе бастағанда-ақ сыртқа шығып кеттім. Абай Шайымұлының «Үмітжан, адам миын көргің келмей ме?...» деген сөзін де елемедім...

...Дәрігер, әсіресе, хирург болу үшін жан-жақты біліммен қатар, темірдей төзім, талмас жігер, қажырлы қайрат, ең бастысы – жұмсақ та қайсар жүрек керек екен. Ал біздің жүрек тым жұмсақ секілді...

Автор:
Абай ШАЙЫМҰЛЫНЫҢ