Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЭКС-МИНИСТР ЖАҚСЫЛЫҚ ДОСҚАЛИЕВ: ТАҒДЫРЫМ ҚИЫН БОЛСА ДА РИЗАМЫН


13 марта 2013, 13:18 | 1 400 просмотров



– Жақсылық мырза, Сiз жақында “Өмiрден өткеннен соң iшкi органдарымды өзгеге беруге келiсемiн” деп мәлiмде¬дiңiз. Мұндай шешiмге келуiңiз¬ге не себеп болды? Бұл азаматтық ұстанымыңыз ба немесе ғалым ретiнде мәселенi терең түсiнгеннен соң айтылған сөз бе? Жоқ әлде бұрынғы саясаткер ретiнде өзiңiзге жасаған пиардың бiр түрi ме?

– Бiрiншiден, мен – дәрiгермiн. Iшкi органдары ауы¬рып, көздерi жәудiреп сырттан көмек сұрап келген жап-жас науқастарды көрген адаммын. Әлi де көрiп жүрмiн. Олар жал¬ғыз емес, олардың төңiрегiн¬де ата-анасы, тума-туысы, бала-шағасы, жанашырлары жүредi. Әсiресе, науқас баласының жанында шырылдап әке-шешесi тұрады. Қазақта жақсы сөз бар, «құс та балапаны үшiн тұзаққа түседi». Мiне, осындай адамдарды көргеннен соң айтылған сөз бұл.

Екiншiден, адамның ағзасы адамға тiрi кезiнде ғана керек. Адам өмiрден өткеннен соң оның бiрде-бiр iшкi органы өзiне керек болмайды. Бәрi де қара жердiң қойнына кiредi. Уақыт өте келе адамның тек қана сүйегi қалады. Адамның iшкi ағзасы о дүниеде керек емес екен, онда бұл өмiрдегi адамдарға неге тастап кетпеске? Дамыған елдерде бұл жүйе қалыптасқан. Егер бiз дамыған елдердiң қатарына қосылсақ, бұл жүйеге көшуiмiз керек.

Бұл бастамам ешқандай пиар емес. Маған тiптен пиардың қажетi де жоқ. Бұл – менiң азаматтық көзқарасым, ғалым ретiнде мәселенi терең түсiнгенiм.

– Қазақстанда ғылым мен саясатты қатар алып жүруге бола ма?

– Әрине, болады. Мәселен, заңгер Салық Зиманов – Конс¬титуцияға қолтаңбасын қалдырған адам. Қандай керемет саясаткер едi! Менiңше, бұл екi мамандықты қатар алып жүруге болады.

– Жасырары жоқ, елiмiзде ондаған шенеунiктерiмiздiң ғылым докторы деген дәрежесi бар. Осындай “белсендi” шендiлерiмiздiң ғылымға берерi көп пе, жоқ әлде саясатқа ма?

– Ғалым адам шенеунiк те бола алады. Мәселен, ғалым бiр мақала жазу үшiн инемен құдық қазады. Кейде бiр мақала бiр күннiң емес, тiптi 3-4 жылдың жұ¬мысы болуы мүмкiн. Мұндай еңбек жаза алатын адам сая¬саткер де бола алады. Ол адамға әр жерде де орын бар.

– Десек те, бiлiм және ғылым қызметкер¬лерiнiң республикалық съезiнде президент Н.Назарбаев: “Мен диссертацияларды қорғау мәселесiнiң сынға ұшырағанын бiлемiн. Елде 200-ден астам ғылыми кеңес кандидаттар мен ғылым докторларын бiрi¬нен соң бiрiн шығарып жатты. 60 кандидаттың, 40 доктордың бiреуi ға¬на ғылым саласына барды. Есесiне, барлық шенеу¬нiктер мен депутаттар ғылым докторы атан-ды, ғылымда мұндайға жол беруге болмайды”, – деп шенеунiктерге не ғылымды, не қызметтi таңдаңдар дегендей болды...

– Мен мұндайды естiген жоқпын.

– Жақсылық мырза, жалпы, Сiз өзiңiздi ғылыми ортада еркiн сезiнесiз бе, жоқ әлде саяси ортада ма?

– Бiр адамдай министр қызметiн атқардым. Әрине, ғылым менiң өмiрiме бiрiншi болып келдi. Студент кезiм¬де саясат дегеннiң не еке¬нiн бiлмейтiн едiм. Ол кезде ғылымға көбiрек көңiл бөл¬дiм. Жоғары оқу орнын бiтiргеннен кейiн де ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналыстым. Мәскеуде кандидаттық, Алматыда докторлық қорғадым. Негiзi бiрiншi ғалым болдым. Мүм¬кiн, адамның тағдыры шығар, содан кейiн саясатқа араласуға тура келдi. Министр де, депутат та болдым. Бiрақ түбiнде ғылымға қайта оралдым. Ендi саясатқа араласпаймын. Менi саясатқа ешкiм шақырып та жатқан жоқ. Ешқашан шақыршы деп айтпаймын.

– Айталық, Сiзге ми¬нистрлiк лауазымды қайта ұсынды немесе депутаттыққа шақырды...

– Әр нәрсенiң өз уа¬қытында болғаны дұрыс. Уақыт өттi. Ендi ғылыммен айналысамын.

– Демек, шақырса да бармайсыз ғой?

– Бiрiншiден, денсаулығым көтермейдi. Министр болу үшiн мықты денсаулық, күш, қуат қажет. Екiншiден, қазақта айтады ғой “көр¬пеңе қарап көсiл” деп. Мен саясат емес, өзiме тапсырған жұмыстарды орындасам, елде трансплантация саласын дамытсам, өзiмдi бақытты адаммын деп санаймын.

– Саясатты лас дүние дейтiндер бар. Мүмкiн, бұл рас шығар...

– Жоқ, келiспеймiн. Мәселен, медицина саласындағы министрлiк қыз¬меттi лас тiрлiк деп санамаймын. Депутаттық қыз¬меттi де лас дүние деп айта алмаймын.

– Министр қызметiнде жүрiп басыңызға iс түстi. Сiзге араша түскен үзең¬гiлес достарыңыз, әрiп¬тестерiңiз болды ма?

– Маған бүкiл халық араша түстi. Соның iшiнде дос¬тарым да, емдеген науқастар да, депутаттар да, үкiмет мүшелерi де болды. Ең бiрiншi болып президент қол ұшын созды, рақымшылық жасады. Бiз отбасымызбен ол кiсiнiң тiлеуiн тiлеймiз.

– Бүгiнгi медицина саласына да өз көзқарасыңызды бiлдiрiп өтсеңiз. Қазiргi денсаулық сақтау министрi, әрiптесiңiз Салидат Қайырбекова дә¬рi¬гер¬лердiң орташа айлық жалақысы 140-180 мың теңге көлемiнде екенiн айтып жүр. Әйт¬кенмен, көрiп-бiлiп жүрмiз, көпшiлiк дәрiгер¬лердiң айлық жалақысы 50-60 мың теңге, мед-бикелердiкi 30-40 мың теңге көлемiнде. Сiздiң¬ше, дәрiгердiң мардымсыз жалақысымен жет¬кiлiктi өмiр сүруге бола ма?

– Дәл қазiргi статистикалық мәлiметтердi бiлмеймiн, сондықтан бұл туралы айту маған қиын.

– Шәкiрттерiңiздiң, әрiптестерiңiздiң де ай¬лық жалақысының қан¬ша екенiнен бейхабарсыз ба?

– Осы орталықта жұмыс iстеп жүрген дәрiгерлердiң айлық жалақысы 100 мың теңгеден кем емес.

– Ал бүгiнгi Қазақстандағы медицина саласына қандай баға беретiн едiңiз?

– Қанағаттанарлық дәрежеде.

– Бiздiң шенеунiктер нелiктен шетелде ем¬деледi? Бұл өз медицинамызға деген сенiмсiздiк пе, әлде босқа мал шашпақтық па?

– Мен де шенеунiк болдым. Бiрақ шетелге барып емделген емеспiн. Қазiр шенеунiктер осы жерден ем қабылдап жүр. Шенеунiк¬тердiң емделуiне арналған арнайы бөлiм жұмыс iс-тейдi. Бiр немесе екi ше¬неунiк шетелде емделсе, барлығы емделедi деп айту дұрыс емес. Мысалы, Сайрам ауданында, жексұрын деп айтуға болады, бiр имам 12 жасар баланы қорлауға әрекеттенiптi. Ендi сол имам бала қорлады деп, барлық имамға күйе жағуға болмайды ғой.

– Қазiргi және алдағы жоспарларыңызбен бөлiсе отырсаңыз...

– Қазiргi жоспар – үкi¬мет маған зор үмiт артып, трансплантация саласын дамытуды тапсырды. Осы бiр жылдың iшiнде Астана және Алматы қалаларында трансплантация саласын бiр iзге түсiрсек, жетiстiгiмiз сол болмақ. Ал келешекте бүкiл Қазақстанды қамтысақ, нақтырақ айтқанда, төрт облыста Оңтүстiк, Солтүстiк, Шығыс, Батыста осындай орталықтар ашсақ деген жоспарымыз бар.

– Алдағы уақытта өт¬кен өмiрiңiз жайлы естелiк кiтап жазу ойыңызда бар ма?

– Бар, естелiк дәптер де, жеке мұрағатым да бар. Уақыты келгенде кiтап жазамын.

– Сiз қазiр ел ағасысыз. Ақсақалдық жасқа жетiп отырсыз. Өткен өмiрiңiзге өкiнбейсiз бе?

– Жоқ, өкiнбеймiн. Тағдырыма ризамын. Қиын тағдыр болса да ризамын.

– Сонда Сiз өз тағдырыңызды қиын деп ес¬ептейсiз ғой...

– Оңай тағдыр деп айта алмаймын. Мәселен, тоғызыншы сыныпта оқып жүр¬генде әкем қайтыс болды... Жалпы, тер көп төгiлдi. Алайда еңбегiмнiң жемiсi жаман емес.

– Өмiрден түйгенiңiз не?

– Әйтеке би былай деген екен: “Бақ деген – құс, ұшады да кетедi. Тақ деген – түс, кiредi де кетедi. Байлық деген – мұз, еридi де кетедi. Мәңгiлiк қалатын – адал iс”. Өмiрде адал iс қана мәңгiлiк қалатынына көзiм жеттi.

– Әңгiмеңiзге рақмет!

Автор:
Әңгiмелескен – Дилара ИСА.