Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

БIРАҚ ОҢАЛҒАН НӘРСЕ БАЙҚАЛМАЙДЫ


13 марта 2013, 13:19 | 1 240 просмотров


Былтыр да бiр сөзiнде алматылық ауруханалар мен ондағы дәрiгерлердi сын тезiне алған Ахметжан Есiмов биыл да соған ұқсас жайттың құлағын тағы қылтитты. Ол науқастардан ақша талап еткен ақ халаттылардың мәселесiн май шаммен қарауды ұсынды.

Өткен жылға қорытынды жасалған жиналыста алматылық әкiм денсаулық саласының мамандарына шүйлiгiп, қазiргi кездегi ауруханалардың iшкi жағдайына тоқталды. Науқастардан түрлi сылтауларға ақша сұрауды әдетке айналдырған дәрiгерлер өз мiндеттерiн орындағаны үшiн сыйлық та дәмететiнiн айтқан ол: “Осыған орай бас дәрi-герлер мен есепшiлердiң жемқорлық әрекеттерi туралы түрлi сөздер де шығуда”, – деп бiр қайырды. Айтса айтқандай, ден¬саулық саласы ешбiр қа¬уесетсiз-ақ сыбайлас жем¬қорлыққа белшесiнен әбден батқалы қай заман. Толғатқан әйелдiң ең алдымен қалтасына қарап, содан кейiн бала тууына жәрдем ететiн дәрiгерлер бар. Жаны қысылып, ауырған адамға дәрiгерлiк көмек көрсетудiң орнына, кәсiпкерлiкпен айналысатын да дәрiгерлердi шыққыр көзiмiз көрдi. Шипасы шамалы дәрiлердiң тiзiмiн жазып, оны басқа жерден емес, төмендегi дәрiханадан алуды тапсыратын доқтырларды кәсiпкер демегенде, кiм дейсiз? Төмендегi өзiнiң жеке дәрiханасынан сатып алынған қымбат дә¬рiлермен ғана емдейтiн олардың көңiл-күйiн таппай, ауруханадан адам болып шығуыңыз қиямет-қайым. Алайда қалыпты жағдайға айналып кеткен мұндай сорақылықтарды А.Есiмов мырзаның жылына бiр рет сөз етiп қалатынын несi?

Ауруханаларда науқас¬тардан ақша талап ету мәселесiн тексерудi тапсырған әкiмнiң дiттегенi не екенi белгiсiз. Қазақстанда мың жерден тексеру жүргiзiлсе де, халықтың қаналғаны қаналған емес пе? Бiздегi жемқорлардың қашан да судан құрғақ шығатынын ұмытардай, А.Есiмов мыр¬¬за шау тартып қалған ба? Басқасын айтпағанда, сырқаттың нақты диагнозын қоя алмай, талай адамды мүгедек еткен дәрiгерлерге әлгiндей тексеру жүргiзу жемiсiн бере қояр ма екен? Сұрақ көп, бiрақ оның жауабын жуық арада аларымызға күмәндiмiз.

Айналып келiп, ауруханаларға шүйлiгумен мәселе шешiлмейтiнiн ескерсек, жағдайдың бұлай реттелмесiне көз жеткiзу қиын емес. Тамыры тереңге жайылған денсаулық саласындағы жемқорлықпен күресу – көлеңкеңмен күрескендей. Онан да, әкiм мырза алматылық денсаулық саласын ретке келтiрудiң басқа тәсiлдерiн ұсынса, сөзi де жұртқа сенiмдiрек шығар едi.

Десек те, әкiм “солай дедi” екен деп, дәп бiр ертең алматылық ауруханаларда тәртiп орнап қалардай алдануымызды қоймаймыз. Алдану де¬мекшi, А.Есiмов басқаратын қаланың халқы тағы да оңбай алданды. Жыры бiтпейтiн жолақы бағасын 80 теңгеге көтерiп, артын баққан жергiлiктi билiк¬тегiлер айласын асырды десек артық болмас. Наурыздан бастап жалпы жол жүрудiң айлық би¬летi 6000 теңгеге бiр-ақ ыр¬ғыды. Жұрттың көзiн бақырайтып қойып, 1500 теңгеге жол билетiн қымбаттатқан шенеунiктердiң апандай аурухана мәселесiн шешерiне ендi кiм сенсiн? Халықтың алдына шығып есеп бергенде, проблемаларды нысанына “дәл тигiзiп айтатын” әкiм¬нiң мынадай жағдайларда ауыз ашпайтыны қызық.

Автор:
Меруерт ХУСАИНОВА