Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЖАҢА ҮЛГІЛЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН


13 марта 2013, 13:20 | 1 025 просмотров


Гвардейск гарнизонындағы оқу орталығы базасында ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері радиациялық, химиялық және биологиялық қорғану әскери бөлімдері командирлерінің жиыны аяқталды.

Жиын негізгі пәндер бойынша білімді жетілдіру және кәсіби дайындықтың деңгейін тексеру мақсатында өткізілді.

ҚР ҚМ баспасөз қызметінің мәліметінше, он күн бойы бөлім командирлері мен Құрлық әскерлері бригадаларының радиациялық, химиялық және биологиялық қорғану қызметі бастықтары арнайы, арнайы-тактикалық, дене тәрбиесі сабақтарына тартылды. Оларда радиациялық, химиялық және биологиялық ұрыста қорғануды жоспарлау және ұйымдастыру қамтылды.

Жиын барысында офицерлерге қазіргі заманғы қару-жарақтар мен қазақстан армиясында бар радиациялық, химиялық және биологиялық құралдардың үлгілері көрсетілді.

«Қарулы Күштер басшылығы радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныстың материалдық базасының дамуы мен жетілдірілуіне баса назар аударады. Біздің құрамалар мен бөлімдер заман талабына жауап бере алатын қару-жарақ пен радиациялық, химиялық және биологиялық құралдардың жаңа үлгілерімен қамтамасыз етілген»,-деп атап өтті Құрлық әскерлері радиациялық, химиялық және биологиялық қорғану басқармасының бастығы полковник Тәттібек Самаев.

Автор:
Руслан ҒАББАСОВ