Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚЫЗЫЛША ЖӘНЕ ҚЫЗАМЫҚПЕН СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҚ ТӨМЕНДЕДІ


13 марта 2013, 13:22 | 1 127 просмотров


Қазақстанда 2012 жылы қызылшаның 55 жағдайы және қызамықтың 13 жағдайы тіркелді, 2011 жылмен салыстырғанда қызылшамен сырқаттанушылықтың 2,3 есеге және қызамықпен сырқаттанушылықтың 3,4 есеге төмендегені байқалады.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті мәлім етті.

Комитеттің хабарлауынша, қызылша мен қызамықтан қорғанудың жалғыз тиімді тәсілі вакцинациялау болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен белгіленген вакцинациялаудың мерзімдеріне сәйкес қызылша мен қызамыққа қарсы жоспарлы иммундау 12-15 айлықта және 6 жаста жүргізіледі.

Автор:
Әбу-Асқар МЕКЕШҰЛЫ