Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ТЫРТЫҚ


24 декабря 2009, 22:05 | 5 858 просмотров



Жараққаттанған терінің орнында тыртық қалуы мүмкін. Тыртықтың формасы мен көлемі денеге түскен жарақатқа байланысты. Ол терінің үстіңгі бетіне немесе тереңірек түсуі мүмкін.

Көбіне тыртық теріні тартып тұрады да шұңқыр пайда болады (ол шұңқырдың кейде терімен қатар, одан төмен, тіпті одан жоғары жатуы да ғажап емес). Ондай тыртықтардың түстері де әр түрлі болып келеді. Егер ол жаңадан түссе қызғылт, содан кейін бара-бара қоңырқай тартады. Уақыт өте олар түссіз немесе ақ түсті болады. Тыртықты терілер өзгеше келеді. Жұқа, жылтырап тұрады. Тыртық теріде түк болмайды. Онда сондай-ақ не май, не тер бездері де болмайтын көрінеді. Бірақ онда нерв пен тамырлар бар.

Тыртық ұзынша, дөңгелек, шұңқырлау, тор, тіпті жұлдызша секілді болып та келеді.

Косиетикалық тәжірибеде кездесетін тыртықтар тері ауруларынан (безеу, сүйел, тағы басқалар), сондай-ақ терінің жарақаттануынан (күйген, үсінген және тағы басқа), кейде инфекциялық аурудан (мысалы шешек, қорасан,т.б.) кейін де тыртық қалады.Безеу салдарынан тыртықтар негізінен бетке, әсіресе беттің ұшына түседі. Олар тартылып тұрады. Формасы да көлемі де біркелкі болмайды. Бет кәдімгі қабығы ашылған ағаш секілденіп кетеді.

Беттің үсіп, күюі салдарынан түсетін тыртық біркелкі және көлемді болып келеді.

Косметикалық көзқараспен қарағанда шешектен кейінгі тыртық көп қиындық тудырады. Жазылған шешектің тыртығы көбіне бетте қалады. Олардың формасы әртүрлі, мәселне, дөңгелек, сопақ, көп бұрышты болып келетін көрінеді. Көлемі де әоқалай. Тіпті бір адамның бетіне түскен тыртықтың өзі бір-біріне ұқсамайды.

Ол тыртықты жазу оңай емес, сондықтан үзбей массаж жасап, дарсонвализация (өте жоғары жиіліктегі ток) қолданылады. Осылай емдеген кезде ғана тыртық жұмсарып, созылады, қан айналымы жақсарады, тканьның қоректенуі артады. Бұл емді тек дәрігер ғана жасайды. Кейін де дәрігерден міндетті түрде қосымша кеңес алып тұрған жөн.

Пластикалық массаж да көмектеседі. Массаждың әсерін тиімді ету үшін 10-15 минут дарсонвализация жасайды. Бұл өте жақсы процедура. Бір күн массаж жасап, екінші күні оны маскамен ауыстыруға әбден болады. Емдік курсы 20-30 реттен тұрады. Бір жарым-екі айдан кейін емді тағы да қайталау керек.

Егер дәрігерге көрінуге мүмкіндік болмаса бет терісін пемзамен сүртеді. Ол үшін бетті сабындап, соның үстінен бір кесек пемзамен дөңгелете отырып сүртеді. Жатарда крем жағады.

Жалпы, кей ретте тыртық адамға жарасып та тұрады. Бұл турасында көптеген әдебиетте жазылғанын білеміз. Сондықтан, «қылшығын аламын деп, былшығын алып» жүрмелік. Өзіңізге тыртық жарасып тұрса, оған қуаныдың да артықтығы жоқ.

Автор:
Бетті әзірлеген Тау ШҰБАР