Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ШЫМКЕНТЕ АЛҒАШҚЫ РЕТ БҮЙРЕК АЫСТЫРУ ОПЕРАЦИЯСЫ ЖАСАЛДЫ


13 марта 2013, 13:28 | 1 087 просмотров


- 2013 жылғы 2-3 наурыз күндері Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында тұңғыш рет «АНАМ» Корей университеті госпиталінің (Сеул қаласы, Оңтүстік Корея) трансплантолог мамандарымен бірлесіп, бүйрек ауыстырудың екі операциясы, бүгін де тағы бір сырқатқа дәл осындай бүйрек ауыстыру операциясы жасалуда. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Тоқтала кететін жайт, бұған дейін Астана қаласындағы медициналық ұлттық холдингтің клиникасында бүйрек трансплантациясы жасалған болатын. Ал, бүйрек ауыстыру ел аймақтары арасында Шымкент қаласында алғаш рет қолға алынды. Бұл ретте білікті хирург, Оңтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Жұмағали Исмайылов Оңтүстік Корея мамандарымен бірлесіп жасаған операцияның алғашқы нәтижесі жаман емес екенін айтады. Барлық пациенттердің операциядан кейінгі жағдайлары қалыпты, ал реципиенттерде алғашқы тәуліктен-ақ диурездің (несеп бөліп шығару) пайда болуы мен уремия (бүйрек ауруынан пайда болған заттардан ағзаның улануы) құбылысының шектелгені байқалған. Науқастарға бүйрек өздерінің туған-туыстарынан алынып, салынуда.

«Оңтүстік Қазақстан облысында бүйрек жеткіліксіздігі мен мүгедектікке әкелетін бүйректің түрлі гломерулярлы патологиясы бар науқастар санының өсуі бүгінгі күні өзекті мәселеге айналып отыр. Олардың көпшілігі - еңбек етуге қабілетті жастағылар. Қазір облыста 237 науқас созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің ақырғы стадиясы бойынша диализ бағдарламасында тұрса, ҚР денсаулық сақтау министрлігінде бүйрек ауыстыруға кезекте 21 оңтүстікқазақстандық азамат тұр екен. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстанда алыс-жақын шетелдерде донорлық бүйрек ауыстыру операциясы жасалған 35 науқас есепте тіркеулі. Олар өмір бойы құны қымбат иммуносупрессивті дәрі-дәрмектерді тегін алып, оңалтудан өтеді. Денсаулық сақтау басқармасы бұл науқастар үшін облыстық қан орталығында қандағы иммуноспрессивтің концентрациясын тегін анықтауға жағдай жасап қойған. Бұрын олар осы зерттеуге бола Алматыға, Өзбекстанға, Қытайға барып келуге мәжбүр еді. Енді науқастар алысқа бармай-ақ, өз елімізде емделе алатын болады», - делінген баспасөз хабарламасында.

Автор:
Қанат МӘМЕТҚАЗЫҰЛЫ