Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ГЕНЕТИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАР


24 декабря 2009, 21:49 | 2 544 просмотра


Жаттыққыштық – жаттығу процесінде жүйелер мен мүшелердің қызметтік қасиеттірінің үдемелі өзгере алатын мүмкіндігі. Жаттыққыштық қасиеттің генетикалық алғышарттары бар. Оларға қаңқа бұлшық еттеріндегі жылдам және баяу талшықтарының арақатынасы, оттегі максимал тұтыну деңгейі, тыныштық күйдегі жүрек ырғағы мен артериялық қан қысымы, оттек тапшылығына тұрақтылық және т.б. жатады.

Генетикалық алғышарттар болашақта дене сапаларының - төзімділіктің, күштің, жылдамдық - күштің жаттығуларға бейімделетін екпінінің қандай болатынын мегзейді. Жаттыққыштық мүмкіндік төмен болған жағдайда, ұзақ және қызу машықтануға қарамастан, машықтық деңгейі төмен қалыпта қала береді.

Жаттыққыштық қасиет тек арнайы жаттықтыру процесінде ғана ашылады. Спортпен шұғылданбайтын адамдар үшін, дене жүктемелері кезінде басты шектеуші факторлар болып жұмысшы бұлшық еттерге оттекті тасымалдау келеді. Жатықтырушы әсерге айтылған факторлар жақсы икемделеді. Тіршілікті қамтамасыз ететін маңызды жүйелердің жаттыққыштық қасиеттерінің шекаралары жөніндегі көзқарастар қазіргі кезде көбейіп отыр.