Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ТАМАҚТАНУ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ


24 декабря 2009, 21:48 | 4 073 просмотра


Ұтымды тамақтанудың басты шарты – қатаң баланс жағдайында тамақтың биологиялық құрамы толық жарамды болуында. Америкалық диотолог Поль Брегг: «99 % адам дұрыс тамақтанбағаннан азап шегеді»,-деген екен.

Дұрыс тамақтанбау – ең алдымен энергияны шығыннан артық келіп түсуі. Басқаша айтқанда, алдымен энергияның шығыннан артық келіп түсуі. Басқаша айтқанда, тамақты артық ішу. Артық салмақ – тамақты артық ішудің салдары. Денсаулықтың бұзылуы зат алмасудың бұзылуынан басталады.

Дамыған елдердеересектердің 40 пайыздан 50 пайызға дейінгі халқының дене салмақтары нормадан артық. Неге дейсіз бе? Артық салмақ несімен қауіпті деген сұрақ туады. Себебі, тамақты артық ішу салдары артық салмақ – май ұлпалары массасының көбеюі, дәлірек айтқанда - майлану. Майлану май мен фосфолипидтер алмасуы бұзылады. Холестериннің көбеюіне әкеліп соғады. Ал бұл атерескелероз бен жүректің ишемиялық ауруларына себеп болады.

Майлардың алмасуын қалыпқа келтірудің қарапайым әдісі – тамақ мөлшерін шектеп, сапасын өзгерту. Бірақ адамның бәріне бірдей мұндай тамақ берілмейді. Семіздіктен арылудың сенімді жолы – қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру. Бұған статистика шынайы дәлел. Іріктеп алған тәжірибелік деректер бұл статистиканы толық дәлелдейді. Мысалы, С.В.Богуш (1981) мынадай деректер келтіреді: артық салмақтан жапа шеккен адамдардың жартысы 3 ай бойы жүйелі жүгіріспен шұғылданғаннан кейін қалыпты салмаққа келген.

Дене массасын бір деңгейде ұстап тұру негізінде, кейбір адамдар тамақ калориясын азайтумен қатар, құрамынан жеке өнімдерді де шығарып тастауға тырысады. Алайда бір тамақ өнімдеріне дұрыс, ал екінші біреуіне теріс қарау-

дың денсаулыққа зияны тиюі мүмкін. Осы орайда қантты артық қабылдау жөнінде айта кету қажет. Тағамдағы артық таза қант тек қант диабетінің қауіпті факторы емес, сонымен қатар тұрақты гипогликемияға себеп болып табылады. Қанттың қандағы артық мөлшері, оны сіңіретін ферменттер белсенділігін арттырады. Енді оның мөлшерін қалыпты деңгейде ұстап тұру үшін, қантты тағы да артық мөлшерде қабылдауға тура келеді.

Шеңбер тұйықталады. Адам қант тапшылығын сезбесе де, гипогликемиядан зардап шегеді. Гипогликемияны тоқтату үшін, қантты қабылдауды тоқтату керек. Тамақ гипогликемиясы – ауру емес.Бұл норма мен патология арасындағы үшінші күй. Гипогликемия міндетті түрде ауруға айналмайды, оның ауруға айналу-айналмауы адамға байланысты.

Тамақтануды нормалау дегеніміз – оның калориясын төмендетіп, құнарлылығын жоғарылату. Қалыпты тіршілікке қажетті биологиялық құнды тағамдық заттар тазаланбаған өсімдіктер мен жануарлар өнімдерінде болады. Мұндай өнімдер құрылысы бойынша біздің организміміздің ішкі құрылымына сәйкес келеді. Тозған құрылымдар орнын толтырып, жаңа құрылымдар жасау үшін, организм сыртқы ортадан құрылысы ұқсас материалдар алуы қажет. Рафинадталған өнімдер мұндай ақпаратқа жұтаң. Оларда өте қажетті заттар жоқ. Мысалы, бидай мен күріштің көбігімен бірге В1 витамині шығарылады. Негізгі азық тазартыл-

ған күріш болатын елдерде, осы витаминнің тапшылығы бери-бери ауруын, полиневрит, трофикалық бұзылуды туғызады.

Автор:
Тәржімалаған Ырыс КЕНЖЕ