Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЖҰМЫСЫ ПАЙДАСЫЗ ШЕНЕУНІКТЕРДІҢ ЕСІМДЕРІ АТАЛДЫ


11 января 2013, 00:32 | 1 404 просмотра



"Рейтинг.kz" зерттеу орталығы мемлекеттік элитадағы жұмысы тиімсіз шенеуніктердің есемдерін атады.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, бірінші орынға Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко ие болды. Тізімге 20 адам - министрлер, әкімдер, мемлекеттік агенттіктердің төрағалары, күш құрылымдарының басшылары мен тағы басқалар енді.

"Рейтинг.kz" ақпараты бойынша, "зерттеу нысандарына" 2012 жылы қызметі тиімсіз болған "үміткерлер" айналды.

1 - Григорий Марченко, Ұлттық банк төрағасы

● Әйелдердің зейнетке шығу жасын ұзарту ұсынысы қоғамда үлкен шу көтерді

● Жинақтаушы зейнетақы қорларының ауыр жағдайы

● БТА мен Альянс банктеріндегі жағдайды түзету бойынша Елбасының тапсырмасын дұрыс орындамау

● Қаржы қызметтерін пайдаланатындардың құқын сақтауда екінші деңгейдегі бантерге бақылау жасамау

2 - Қалмұханбет Қасымов, Ішкі істер министрі

● ҚР ІІМ қызметкерлерінің аттестациялануы нәтижесінде 10 700 полицей өз қызметіне сәйкес келмейді деп танылды

● "Нұр Отанның" антикоррупциялық кеңесінің деректеріне сүйенсек, ҚР ІІМ-і Қазақстанда жемқорлық деңгейі бойынша алғашқы орында

● Атышулы істерді тергеуде жіберген олқылықтары

● Полицияның лаңкестікпен күресудегі тиімсіз жұмысы

3 - Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі

● 2012 жылдың қаңтар айында Президент министрді қатты сынға алды

● 2012 жылдың қыркүйек айында үкіметтік сағатта парламентарийлер де министрді сынады

● "Нұр Отан" деректері бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрілгі жемқорлық бойынша екінші орындағы ведомство

● Мал шаруашылығы бағдарламасын жүзеге асырмауы

● 2011 жылмен салыстырғанда астықтың аз шығуы

● 2011 жылдың астығын экспорттауда орын алған үлкен қателіктер

Алғашқы үштікке елдің бас банкирі мен екі министр енсе, келесі орындарда жайғасқандардың тізімі мынандай:

4 - Мұрат Оспанов, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы

5 - Серик Нокин, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері агенттігінің төрағасы

6 - Салидат Қайырбекова, ҚР Денсаулық сақтау министрі

7 - Бақытжан Жұмағұлов, Білім және ғылым министрі

8 - Жанар Айтжанова, ҚР Экономикалық интеграция істері жөніндегі министр

9-13 орындарда бірнеше облыс басшылары мен Алматы әкімі орналасты. Аймақ әкімдерінің беделі Елбасының өткір сынынан кейін құлдырап қалса, Ахметжан Есімов биыл түскен қалың қарды уақытылы жинамаудың салдарынан аутсайдерлер қатарына ілікті.

14 - Ербол Орынбаев, премьер-министрдің орынбасары

15 - Ғабидолла Абдрахимов, Бәскелестікті қорғау агенттігінің төрағасы

16 - Асхат Даулбаев, Бас прокурор

17 - Аслан Мусин, Есеп комитетінің басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің бұрынғы жетекшісі

18 - Қайрат Мәми, Парламент Сенатының төрағасы

19 - Әділбек Жаксыбеков, Қорғаныс министрі

20 - Талғат Мұсабаев, Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы

Зерттеудің толық нұсқасымен "Рейтинг.kz" сайтында таныса аласыздар.

Автор:
NUR.KZ