Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ДӘРIГЕРЛIК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ НЫСАНДАРЫМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ


11 января 2013, 00:32 | 1 397 просмотров


Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады. 2012 жылы Астанада 2 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілген. «Денсаулық сақтау нысандарын дамыту» бағдарламасы бойынша, былтыр осы мақсатқа 10,320 млрд. теңге бөлінді. Оның 9,384 млрд. теңгесі республикалық, 936,4 млн. теңге қала бюджеті есебінен қарастырылған. 2013 жылы 6 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Оның 4-еуін жыл соңына дейін салып бітіру жоспарлануда.

2014 жылдың соңына дейін Астанада амбулаториялық-поликлиникалық кешен мен 500 кереуеттік өкпе құрт ауруына қарсы диспансерді пайдалануға беру межеленген. 2017 жылға дейiнгі перспективалық жоспар бойынша, бюджеттен тиiстi қаражат бөлінген жағдайда Астананы 2017 жылға дейін емханалық және тұрақты дәрiгерлiк қызмет көрсету нысандарымен толық қамтамасыз ету мүмкін болады.

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ