Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

605 БАЛА ҮЗДІКСІЗ ТЕРІАСТЫ ИНФУЗИЯСЫ ЖҮЙЕСІМЕН ЕМ АЛУДА


11 января 2013, 00:31 | 1 262 просмотра


Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмек көрсету департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева мәлім етті. «Қазақстанда 200 мыңнан астам адам қант диабеті ауруына шалдыққан. Оның 1600-дейі балалар. Олар дәрігерлердің жіті қағалауында. 605 бала үздіксіз теріасты инфузиясы жүйесімен ем алуда. Біз бұл тәсілмен 5 жастан 15 жасқа дейінгі аралықтағы балаларды емдеудеміз», - деді ол. Оның атап өтуінше, инсулин помпалары мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен сатып алынуда. Бір инсулин помпасының құны шығыс материалдарын қоса есептегенде жылына 630 мың теңгені құрайды. Ал алдағы жылы қажетті дәрі-дәрмекті сатып алуға бюджет қаражатынан 200 млн-нан астам теңге бөлу көзделген.

Айта кетейік, елімізде 1996 жылдан бері қант диабетін емдейтін препараттар мен құралдарды орталықтандырылған жүйемен сатып алу үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлініп келеді әрі оның көлемі жыл сайын артуда. Мәселен, 2003 жылы бұл мақсатқа 1,167 млрд. теңге бөлінсе, 2013 жылы бұл көрсеткіш 5 млрд. теңгеге жуықтамақ.

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ