28 декабря 2012, 17:33 | 2 996 просмотров
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде орталық және жергілікті атқару органдардың, Министрліктің аумақтық органдары және республикалық денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының қатысуымен селекторлық режімде алқа жиыны болып өтті. Жиында еліміздің денсаулық сақтау ұйымдарында инфекциялық бақылауды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж.М.Бекшин баяндады.
Инфекциялық қадағалау іс-шараларын қамтамасыз ету және іске асыру әлі де өзекті проблема боп қалуда, өйткені халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы осы бағыттағы шаралардың тиімділігіне байланысты. Қазіргі уақытта республикадағы барлық медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылау комитеттері мен комиссиялары құрылып, госпитальдық эпидемиологтар лауазымдары енгізілді. Зертханалық диагностиканы жетілдіру, антибиотиктерге сезімділікті анықтау, микроағзалардың госпитальдық штаммдары қалыптастырылуын бақылап отыру мақсатында микробиологиялық зертханалар ашу және оларды қазіргі заманғы құралғылармен жарақтандыру бағытында іс-шаралар қабылдануда.
Инфекциялық ауруларға мониторинг жүргізіліп, ауруханалар ішіндегі инфекциялар жіті іздестірілуде, сондай-ақ қазіргі заманға сай індетке қарсы шаралар қамтамасыз етілуде. Медициналық ұйымдарды заманауи дезинфекциялық құралғылармен, антисептиктермен, бір рет қолданылатын медициналық құралдармен қамтамасыз ету шаралары атқарылуда. Алқа отырысының қорытындысында облыстар, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына өз мекемелерінде эпидемилог лауазымдарын қалпына келтіруге, ол мамандардың инфекциялық бақылау мәселелері бойынша тұрақты түрде оқып, үйренуін қамтамасыз етуге, инфекциялық бақылау мәселелері жөнінде озық тәжірибе мектептерін өңірлердің медициналық ұйымдары базасында құруға және мамандардың біліктіліктерін жетілдіруге тапсырма берілді. Өңірлік мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары инфекциялық бақылау мәселелері бойынша медициналық ұйымдарға тәжірибелік және ұйымдастыру әдістемелік көмегін көрсетуі тиіс. Және медициналық ұйымдарда науқастардың қауіпсіз болуы құқығын бұзған ұйымдарға тыйым салу сипатында әкімшілік ықпал ету шараларын қамтамасыз етуі керек