Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

100 МЫҢ ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ ГРАНТТАР АЛДЫ


28 декабря 2012, 17:32 | 1 805 просмотров


Қызылордада кәсібін жаңа бастаған мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Жұлдыздарға қара» жобасының екінші кезеңінің қорытындысы шығарылды. Шараны ұйымдастырушылар - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» мен Қазкоммерцбанктің «Құс жолы» корпоративтік қайырымдылық қоры. Қызылорда қаласының тұрғындары 1-ші топтағы мүгедектер Күләш Тілеуова, Дүйсен Бекенов, Жалағаш ауданының тұрғыны 2-ші топтағы мүгедек Балқаш Жаржанова, Қармақшы ауданының тұрғыны 1-ші топтағы мүгедек Мөлдір Әбдіраманова және 1-ші топтағы мүгедек Ерлібек Жармаханов байқау жеңімпаздары деп танылып, 100 мың теңге көлеміндегі грантқа ие болды.

«Жұлдыздарға қара» жобасы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» мен Қазкоммерцбанктің «Құс жолы» корпоративтік қайырымдылық қорының мүмкіндігі шектеулі жандардың жеке кәсіппен айналысуға деген ұмтылысын қолдауға бағытталған. Жоба бөлінген гранттар есебінен мүгедек жандардың бизнес-жоспарларын жүзеге асыруына, сол арқылы табыс тауып, отбасы мүшелері мен өзін қамтамасыз етуіне жол ашады.

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ