Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЖАПОНИЯ ҮКІМЕТІ ТОЛЫҚ ҚҰРАМДА ОТСТАВКАҒА КЕТТІ


28 декабря 2012, 17:32 | 1 385 просмотров


Премьер-министр Есикихо Нодой басқаратын Жапония Үкіметі толық құрамда отставкаға кетті, деп хабарлайды Ресей Жаңалықтар агенттігі. Үкіметтің отставкаға кетуімен Жапонияда Демократиялық партияның үш жылдық басқаруы аяқталды. 2009 жылғы сайлаулар барысында демократтар жарты ғасыр бойы билік етіп келген Либералды-демократиялық партияның басқарушылығын тоқтатқан болатын.

Сәрсенбі күні парламент сессиясының кезектен тыс отырысы өтеді. Күтіліп отырғандай, жаңа премьер-министр Либералды-демократиялық партиясының көшбасшысы Синдзо Абэ болады. Абэнің партиясы 16 желтоқсан күні парламенттің төменгі палатасына болған сайлауда жеңіске жетіп, 480 орынның 294-ін иеленді. Елдің негізгі заңына сәйкес, заңдарды қабылдауда және премьер-министрді тағайындауда төменгі палата жоғарғы палатаға қарағанда басымдыққа ие. Сәрсенбі күні сондай-ақ үкіметтің жаңа құрамы жарияланады деп күтілуде.

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ