Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«ҚАЙЫРЛЫ КЕШ, ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕЖОБАСЫ ТОСЫНСЫЙ ДАЙЫНДАУДА


28 декабря 2012, 17:31 | 1 962 просмотра


30 желтоқсан күні кешке көрсетуге дайындалып жатқан мерекелік шығарылым тек сәнді шыршамен және түрлі-түсті әшекейленген залмен ғана ерекшеленіп қоймайды.

Жаңа жылдық шығарылымның уақыты ұзартылады. Яғни ән де, би де көп болады деген сөз. Еліміздің эстрада жұлдыздарымен қатар Ресейдің және Еуропаның атақты әншілері бір сахнада ән салады. Бұл концерт кеңестік кездегі «Шетел эстрадасының әуендері мен ырғақтары» деген бағдарламаның форматына ұқсас өткізіледі.

Мерекелік көңіл-күй сыйлайтын әншашумен қатар, жүргізушілердің әзіл-қалжыңдары да қатар жүреді. Мәселен, Тұрсынбек Қабатов, Олег Гостев, Гүлнәр Силбаева және Әсел Сағатовалардан Аяз атаның неге шанамен емес, S-сыныпты мерседеспен жүретінін, ал оның әріптесі Санта Клаустың неге мұржадан емес, есіктен кіретінін біле аласыздар.

Мерекелік концертте қазақстандық әншілерден Роза Рымбаева, Айқын, Айжан Нұрмағамбетова, Нұрлан Абдуллин сияқты әншілер ән шырқайды.

Ресей әншілерін Филипп Киркоров, Лев Лещенко, Борис Моисеев, «Самоцветы» тобы және «Дискотека Авария» сынды өнер майталмандары бастап келеді. Сондай-ақ, көрермендер итальяндық Ricchi e Poveri тобының және франк-канадалық музыкант Garou сынды өнерпаздарды тамашалай алады.

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ