28 декабря 2012, 17:31 | 1 769 просмотров
Бұл туралы облыс әкімі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесуінде мәлім етті. Бұл сома 2012 жылмен салыстырғанда 7,0 млрд. теңгеге артық. Алдағы жылы аймақта құны 180 млн. теңге тұратын бір компьютерлік томограф сатып алынады. Сөйтіп, олардың облыстағы саны үшеуге жетеді. Соңғы үш жылда денсаулық сақтау мекемелеріне 15 реанимобиль алынған болатын. 2013 жылы жедел жәрдем қызметтеріне жалпы құны 232,0 млн. теңге тұратын 10 реанимобиль алып беру жоспарлануда. Нәтижесінде барлық аудандар осындай көліктермен жабдықталатын болады. Сол сияқты жүрек қан-тамырлары және қан айналымы жүйесінің алдын алу мақсатында құны 237,5 млн.теңге тұратын бір ангиограф аппаратын алу жоспарлануда. Нәтижесінде қазіргі таңда бірінші орында тұрған аталмыш ауру түрлерін ертерек анықтап, бұған қатысты болатын өлімнің алдын алуға мүмкіндік туады.Өңірде тұңғыш рет алыс елді мекен тұрғындарын сапалы стоматологиялық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында құны 30,8 млн. теңге тұратын көшпелі стоматологиялық құрылғы алынады. Және алғаш рет құны 82,3 млн. теңге тұратын жылжымалы сандық рентген-маммограф және сандық стационар рентген-флюорографиялық аппараттар алу жоспарлануда.