28 декабря 2012, 17:25 | 2 682 просмотра
Алматы облысы Алакөл ауданы «Достық» кенті шалғай жатқан, Қытаймен шекаралас ауыл. Бірақ, соңғы жылдары бұл өңір жан-жақты дамып, өркендеп келеді. Әлеуметтік нысандар құрылысы көптеп салынуда. Соның бірі – біздің ауылдық аурухансы.
Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі» деп атап көрсеткен болатын. «Денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақмерзімді жаңғырту аясында біз елдің барлық аумағында медициналық қызметтер сапасының бірыңғай стандарттарын енгізуге, сондай-ақ медицина мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын бірыңғайландыруға тиіспіз»-деді Президент. Дәрігерлер қауымының өңіріміздегі денсаулық сақтау саласын дамытуға қосып жатқан үлесі ұшан теңіз. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау жүйесін реформалауға үлкен талпыныс жасалуда. Ондағы ортақ мақсатымыз медициналық көмекті қолжетімді, дәрігерлік қызметті сапалы ету.
«Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы сәтті іске асуда.
Құрметті шипагерлер! Әріптестер! Қоғамымызда сіздердің алатын орындарыңыз ерекше. Қаншама адамның жанына дауа, тәніне шипа болардай ем тауып, қаншама адамның өміріне араша түсіп жүрсіздер! Сондықтан ауыл тұрғындарының сіздерге деген алғысы шексіз. Жаңа жыл қарсаңында мен дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, ауыр да құрметті қызметтеріңізге тек табыс тілеймін!