Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ДЕРТ ОШАҒЫ ДЕНДЕП ТҰР


21 декабря 2012, 00:59 | 1 700 просмотров



«Биыл еліміздегі эпизоотикалық жағдай өте күрделі болып қалып отыр. Республика бойынша малдың аса қауіпті ауруының 166 ошағы тіркелді». Бұл туралы кеше Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, 2012 жылы мал ауруларын диагностикалауға республикалық бюджеттен 5 млрд 740 млн 355 мың теңге бөлінген. Ал құстар мен малдардағы ауруларға эпизоотикалық қарсы шаралар мен аса қауіпті созылмалы инфекциялық аурулардың ошақтарын құртуға 4 млрд 480 млн 995 мың, ветеринариядағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зертханалық диагностикаға 252 млн 935 мың теңге жұмсалған.

«Ерекше алаңдатып отырғаны әлемдегі аусыл ауруы, оның ішінде Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Монғолия, Қытай, Үндістан, Иран, Израиль, Пәкстан, Ауғанстан, Түркия мен Таяу Шығыстағы бірқатар елдердегі аусылға қатысты жағдай. Аталған елдерден мал мен мал өнімдерін әкелуге шектеу қойылғаны айтылады. Бірақ малды рұқсатсыз әкелу проблема екен. Айталық биылғы 11 айда ветеринарлық инспекция 78,8 мың инспекциялық тексеру жүргізіліп, 149 тонна азық-түлікті сатуға рұқсат бермеген, 43 тоннасы жойылған.

Жыл басынан бері ветеринарлық бақылау мен қадағалау комитетінің 14 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалыпты. Облыстық және аудандық инспекциялардың 10 мемлекеттік қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалып, олардың 6 адамы әртүрлі мерзімге сотталған. Жеке және заңды тұлғаларды тексеру нәтижесінде 48,4 мың ескерту мен 56,7 мың нұсқаулар беріліпті. Ветеринария саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 7,9 мың адамға 39 млн 574,6 мың теңге айыппұл салынды.

Автор:
-------