Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

БАЛАНЫ КІМНІҢ СҮНДЕТТЕГЕНІ ДҰРЫС?


28 августа 2009, 21:33 | 5 917 просмотров


Баласын сүндеттеу – әрбір мұсылманның парызы. Бүгінде көптеген ата-ана ұлын медициналық жолмен сүндеттейді. Ал, байырғы ата-бабаларымыз мұндайда молдалардың көмегіне жүгінген.

Осы екі жолдың қайсысы пайдалы әрі тиімді? Сүндет­теудің «сезонында» біз бұл сұрақты бірнеше адамға қойған болатынбыз.Оңтүстік Қазақстан облыстық клиникалық ауруханасының хирургі Лаура Мырзақұлова (суретте) былай дейді: «Баланы қалай сүндеттеу шынында да ойланатын мәселе.Өйткені біздің демалып жүрген ауамыз анау айтқандай таза емес. Ауада қапта­ған зиянды бактериялар қалықтап жүреді. Экологияның мұндай таза емес кезінде баланы бұрынғы қазақшылықпен сүндеттеу қорқынышты екені рас. Оған кей ата-аналардың балаға дұрыс күтім жасай алмайтынын қосыңыз. Жыныс мүшені кескеннен кейін балаға ерекше күтім керек. Күніне үш мәрте улы бактериялардан тазартылып тұруы керек. Олай болмаған жағдайда баланың денсаулығына нұқсан келеді.Біздің клиникада жасалатын сүндеттеу оңай әрі тиімді. Оның үстіне біз ата-анаға баланың жағдайы нашарламаудың амалдарын түсіндіреміз, әрі кеңес береміз. Жыныс мүшені кесу өте оңай, ал микробтардан сақтап қалу қиын. Сондықтан мен дәрігер ретінде баланы хирургиялық жолмен сүндеттеуді дұрыс дер едім. Хирургиялық жолмен сүндеттеу баланың денсаулығына да пайдалы.Сүндеттеу демекші, біз баланы ес білгенде сүндетке отырғызамыз. Еврейдің мұсылман халқы қырқынан шыққан күні-ақ сүндеттейді. Осы кезде баланың жаны да қиналмайды және орны тез бітеді». Шымкенттегі Абдул-Хамит Қаттани мешітінің имамы Қазыбек Сарыбаев (суретте) баланы сүндеттеу туралы пікірін былай білдірді: «Баяғыда баланы сөзсіз молдалар, имамдар сүндеттеген. Сүндеттеу адам таңдамайды. Әр істі өз маманы атқарғаны жөн. Білім бола тұра, сүндеттеу, міндетін дұрыс атқара алмайтын болса, оған қадам басып, ата-ананы, баланы әбіржітпеген дұрыс емес. Бұл жерде ең бірінші, баланың жағдайын ойлау керек. Кей молдалар бар, медицина жөнінде бейхабар болса да, сүндеттеудің шебері болып шыға келеді. Ал кей хирургтар сол істің маманы болса да, сүндеттеуді дұрыс атқара алмайды. Сондықтан, мен баланы сүндеттеуді молда не хирург деп емес, тәжірибесі бар адам сүндеттегені абзал демекпін.

Автор:
Ж. ТӘУЕКЕЛ