Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚАЗАҚСТАНДА ФАРМАЦЕВТІК НАРЫҚТАҒЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІККЕ ТАЛДАУ ЖАСАЛДЫ


14 декабря 2012, 22:04 | 1 037 просмотров


ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі фармацевтика және медицина саласы тауарлық нарығындағы бәсекелестік ортаның жай-күйіне жасалған талдаудың нәтижелерімен таныстырды, - деп хабарлайды primeminister.kz сайты. Жасалған талдау нәтижелері бойынша фармацевтика және медицина саласы нарығында бәсекелестікті дамытуға ықпал ететін бірқатар мәселелер анықталған. Олардың ішінде Қазақстан Республикасы заңнамаларында дәрілік құралдардың ішінара алмастырылуын анықтау түсінігі мен нақты белгілерінің болмауы; дәрілік заттарды сату нарығындағы бәсекелестікті дамытуда дәрігерлік қауымдастықтың фармацевтикалық компаниялармен өзара әрекеттестігінің дұрыс ұйымдастырылмаған бірқатар оқиғаларының орын алуы бар.

Сондай-ақ, көкейкесті мәселелер қатарына дәрілік заттарды сату нарығында толайым сатушы-делдалдардың көп болуы мен ауылдық жерлерде фармацевтикалық нарықтағы бәсекелестіктің дамымауын және басқаларды атауға болады.

Агенттіктің талдауы шеңберінде 700-дей дәріханаға сауалнама жүргізіліп, дәрілік заттардың бөлшек саудаға шығарылуына жасалатын кедергілер анықталған.

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ