Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ


14 декабря 2012, 21:53 | 1 944 просмотра



2012 жылдың 6 желтоқсанда Алматы қаласында Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі Ұлттық орталықтың, СПИД-ті алдын алу және онымен күрес жөніндегі республикалық орталықтың ұйымдастыруымен "Бәріміз бірге СПИД-ті жеңеміз" деген тақырып бойынша баспасөз мәжілісі өтті.

Баспасөз мәжілісіне Жәмиля Баттакова — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі ұлттық орталығының директоры; Марат Түкеев – ЖИТС алдын алу және онымен күрес жөніндегі Республикалық орталықтың бас директоры; Батырбек Асембеков – ЖИТС қарсы күрес жөніндегі ғаламдық қор жобасын Қазақстан Республикасында жүзеге асыру тобының жетекшісі; Роман Гайлевич — ЮНЕЙДС халықаралық ұйымының Қазақстандағы өкілі және Нұрәли Аманжолов – Қазақстандағы ЖИТС жұқтырғандар одағының президенті қатысты.

Қазақстан "Нөлдік көрсеткішке жету: жаңа ВИЧ індетінің көрсеткіші - нөл, кемсітушілік көрсеткіші - нөл, СПИД-тің салдарынан қайтыс болудың көрсеткіші - нөл" ұранымен 2011-2015 жылдарға арналған СПИД-пен күрес жөніндегі дүниежүзілік науқанға белсенді түрде қатысып келеді. 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін жалғасатын осы науқан "1 желтоқсан - СПИД-пен күресудің дүниежүзілік күніне" арналып отыр.

Осы күнді алғашқы рет 1988 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған болатын. Ал 1996 жылдан бастап оны БҰҰ-ның ВИЧ/СПИД (ЮНЭЙДС) бойынша Біріккен Бағдарламасы өткізіп келеді. Науқанның міндеті - қоғамның назарын ВИЧ және СПИД мәселелеріне аудару, халықтың осы індет жөнінде ақпараттандырылу деңгейін арттыру, төзімді қоғамдық пікірді, ВИЧ-пен өмір сүретіндерге қатысты төзімді қарым-қатынасты қалыптастыру, індетті алдын алуға арналған бағдарламаларға қолдау көрсету.

СПИД-пен күрес жөніндегі Дүниежүзілік күн шеңберінде бүкіл ел бойынша түрлі тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі және СПИД-пен күрес жөніндегі Аймақтық орталықтардың мамандары жастар арасында, еңбек ұжымдарында, Әділет министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің мекемелерінде ақпараттық баяндамаларды өткізеді. Сондай-ақ, халыққа арнап бұқаралық іс-шаралар - акциялар, флешмобтар, спорт жарыстары ұйымдастырылады.

2012 жылдың 1 қарашасындағы жағдайға сәйкес ВИЧ індетінің тіркелген сараптама нәтижесі оң тұлғалар мен СПИД-ке шалдыққан науқастардың жалпы саны еліміз бойынша 19 498 адамды құрайды. ВИЧ індетінің сараптама нәтижесі оң науқастардың негізгі үлесін, яғни 61,6%-ын қан тамыры арқылы есірткіні пайдаланғандар құрайды. 70%-ға жуығы - жұмыссыз тұлғалар, осы ретте аталған әлеумметтік жағдай ВИЧ–індетінің сараптама нәтижесінің оң болуына әкелетін себеп болып табылмайды, олардың арасында 35,7%-ы - түрмеде отырғандар. Соңғы жылдары тұрақты жұмысы бар, салауатты өмір салтын ұстанатын және есірткі пайдаланбайтын адамдардың ВИЧ-ке шалдығу көрсеткіші өсіп отырғаны байқалуда.

ЮНЕЙДС және ДДСҰ сарапшыларының бағалауы бойынша біздің еліміз СПИД мәселелерін шешу кезінде озық тәсілдерді енгізу тұрғысынан Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекет болып табылады. Мәселен, Шығыс аймақтағы басқа елдердің ішінде Қазақстан ВИЧ-індетінің баладан анаға жұғуын алдын алу қызметіне қолжеткізу деңгейі ең жоғарғы (97,4%) ел болып есептеледі. Соңғы жылдары ВИЧ-індетінің қан құю кезінде жұғу жағдайы бірде бір рет тіркелмеген.

Биылғы жылы Дүниежүзілік экономикалық форумның талдау тобы Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі мемлекеттер рейтингі жөнінде есептемесін жариялады. Жалпы рейтинг қорытындысы бойынша Қазақстан рейтингтік бағалауға қатысқан 144 мемлекеттің арасында 2012 жылы 51 орынға (2011 жылдың қорытындысы бойынша 72 орын) тұрақтады. ВИЧ індетінің таралу рейтингі бойынша (0,1%) Қазақстан 12 орынды (2011 – 21 орын), ал ВИЧ пен СПИД-тің бизнеске ықпалы бойынша Қазақстан 96 орыннан 73 орынға көтерілді.

Осы көрсеткіштерге мемлекеттің аталған мәселеге жоғары назар аударуының нәтижесінде қолжеткізілді. Жыл сайын халықты тестілеу көлемі ұлғайып отырады және жылына оның саны 2 млн. тестен асып түседі, бұл белгілі бір мөлшерде ВИЧ індетін ерте кезеңде анықтауға септігін тигізеді. Әрбір адам аймақтық емханалар немесе СПИД орталықтарында құпия және аты-жөнін көрсетпестен ВИЧ індетіне тексеруден өтуіне болады.

ВИЧ індетінің зардабын төмендету стратегиясы ВИЧ-ті алдын алу бойынша мемлекеттік саясатқа ықпалдастырылған. Республикада келесі ұйымдар қызмет атқарады:

- 153 сенім бекеті бар. Індетті алдын алу бағдарламалары шеңберінде қан арқылы есірткі пайдаланушыларды қамту деңгейі жыл сайын артып келеді, осының арқасында ВИЧ-тің қан арқылы есірткі пайдаланудың нәтижесінде жұғу жағдайларының саны соңғы жылдары төмендегені байқалып отыр;

- 32 достастық кабинеті бар, мұнда жыныс жолдары арқылы таралатын індеттерді алдын алу және емдеу бойынша қызметтер ұсынылады, індетті алдын алудың жеке құралдары таратылады;

- жастарға арналған 56 денсаулық орталығы бар, мұнда медициналық, әлеуметтік, психологиялық және құқықтық қызметтер көрсетіледі.

Жүкті әйелдердің 100%-ы дерлік ВИЧ-ке қатысты тексеруден өтеді, осы ретте тексеру жүктілік кезінде екі рет жүргізілетінін атап өту қажет. Індет анықталған жағдайда баланың дені сау болып тууына мүмкіндік беретін емдеу жолдары болашақ аналар мен олардың балаларына белгіленеді.

Биылғы жылы ретровирусқа қарсы емдеу үшін, ересектер мен балалардың барлығын ретровирустық дәрілермен толықтай тегін қамтамасыз ету және осы дәрілерді сатып алу үшін миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Осы ертте балалар дәрінің түпнұсқаларын қабылдайтынын атап өткен жөн.

Автор:
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі Ұлттық орталық баспасөз қызметі.