Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

КӨШЕ СТОМАТОЛОГТАРЫ


14 декабря 2012, 21:37 | 1 688 просмотров



Егер Үндістанда жүріп тіс ауруы маза бермесе, көшеде тұрып-ақ емдей беруге болады.Үндістанда көшеде тіс емдейтін стоматологтары бар. Көше тіс дәрігерлернің көпшілігінде арнайы білімі мен ресми квалификациясы жоқ. Әдетте олар тіс дәрігерінің көмекшісі болып, белгілі бір стоматологиялық тәжірибе жинап алатын көрінеді.

Гурдип Сингх есімді Үндістан азаматы далада стоматологиялық қызмет көрсетеді. Оның әкесі қырық жыл бойы осы іспен айналысқан екен. Ол бар білетінін әкесінен үйреніп, ата жолын жалғастырып жүр екен.

Көптеген адамдар үшін жоғары білімді тіс дәрігерлерінің қызметі қалта көтермейді. Сондықтан олар көше тіс емдеушілерге барады. Гурдип Сингхтың сөзінше ол күніне 1,80 доллар не одан көп ақша табады. Тапқан ақша көлемі келген емделушілер санына байланысты.

Автор:
Бетті дайындаған: Мәдина ОМАРҚҰЛОВА