Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЖАС «КӨШБАСШЫ-2012»


7 декабря 2012, 16:40 | 1 755 просмотров



5 желтоқсанда Алматы облысы әкімінің «Көшбасшы-2012» жастар сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шара І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында орын алды. «Көшбасшы-2012» сыйлығы Жетісу өңірінің талантты да, белсенді жастарына ұсынылды.Марапаттау салтанатына Алматы облыс әкімі, «Нұр Отан» ХДП АОФ, аудан, қала әкімдері, республикалық, облыстық БАҚ өкілдері, облыстық «Жас Отан», «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы және белсенді жастар қатысты.

Салтанатты жиын облыс жастары туралы бейнебаянмен басталып, марапаттау салтанатының ресми ашылуы болды. 2012 жылдың үздік жастары туралы, яғни жеңімпаздар туралы бейнебаян көрсетіліп, олар сахна төріне шақырылды. Алматы облыс әкімі Аңсар Тұрсынханұлы Мұсаханов әр жас көшбасшыға құттықтау айтып, марапаттады. Әр көшбасшыға марапат қағазы, «Көшбасшы» мүсіні және 150 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық табысталды.

Сыйлық төмендегідей номинациялар бойынша берілді:

1. «Жас мемлекеттік қызметкер»

2. «Жас әскери қызметкер»

3. «Жас дәрігер»

4. «Жас ұстаз»

5. «Жас ғалым»

6. «Жас спортшы»

7. «Жас журналист»

8. «Жас кәсіпкер»

9. «Жас батыр»

10. «Ауыл шаруашылығының жас маманы»

11. «Жас маман»

12. «Жас өнерпаз»

13. «Жасыл ел» жасағының үздік сарбазы»

14. «Жас саясаткер»

15. «Үздік студент»

«Көшбасшы 2012» сыйлығының «Жас дәрігер» номинациясы бойынша жеңімпаз Дулат Әшімғалиұлы Жұмагелдин болды. Естеріңізге сала кетейік, Дулат Әшімғалиұлы Жұмагелдин газетіміздің 41-санында «Адам және оның еңбегі» айдарының кейіпкері болған жас маман.

«Көшбасшы 2012» сыйлығының ұйымдастырушысы Алматы облысының жастар саясаты басқармасы

«Көшбасшы 2012» сыйлығы туралы. Сыйлыққа үміткерлер ретінде Алматы облысының 14 пен 29 жас аралығындағы белсенді жастар қатыса алады. Номинация жеңімпазы атану үшін үміткерлер белгілі бір бағытта жетістіктерге жету керек. Сонымен қатар, облыстық, республикалық, халық-аралық байқаулар жеңімпаздары, қоғамдық өмірге белсенді қатысып, елдің алғысын алған жастар өтінімдерін өткізулеріне болады. Жалпы алғанда, сыйлыққа ұсынылу үшін жас белсенді, білімді, креативті ойланатын, Қазақстанның жарқын болашағы жолында аянып қалмайтын нағыз көшбасшы жас болуы керек.

Автор:
Мәдина ОМАРҚҰЛОВА