Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Филиппинде 80-нен астам адам «Пабло» дауылының құрбаны болды


7 декабря 2012, 16:37 | 1 301 просмотр


Ал жарақаттанғандардың саны 100-ден асты, - деп хабарлады Ресей жаңалықтар агенттігі.

Боф халықаралық классификациясы бойынша, Пабло дауылы елдегі ірі Минданао аралының жағалауына 4 желтоқсан күні құйындай түсті. Ол соңғы 20 жыл ішінде Филиппиннің оңтүстігіндегі ең күшті дауылдардың бірі болды. Алапат дауыл 56 мың адамды өз үйлерін тастап кетуге мәжбүрледі. Желдің жылдамдығы сағатына 200 шақырымды құрайды. Дауыл ондаған ғимаратты қиратты, электр қосынының жүйлерін зақымдады, әуе, теміржол және паромды көліктердің қозғалысын тоқтатты.

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ