Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

НЕГЕ ЖАБЫЛАДЫ?


7 декабря 2012, 16:31 | 923 просмотра


29 қараша күні Алматы қаласының сот актілерін орындау департаментінің сот орындаушылары Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы адам құқықтары жағдайы туралы жазатын «Республиканские вести - деловое обозрение» газетінің қызметін тоқтату туралы ескерту түскен. Бұл туралы «Амансаулық» қоғамдық қорының президенті. Бақыт Түменова ұйымның сайтында хабарлады. «Егер мен газетті шығаруды жалғастырсам, алдымен маған әкімшілік айыппұл салады, одан кейін қылмыстық жауапкершілікке тартады» деп мәлімдеді Бақыт Түменова «Амансаулық» сайтында.

«Республиканские вести – деловое обозрение» газеті денсаулық сақтау саласындағы адам құқытары туралы ақпарат береді. Яғни, қарапайым халықты, медициналық қызметкерлерді денсаулық сақтау саласындағы жаңалықтар, өзгерістер, адам құқықтары және осы бағыттағы қоғамдық қорлардың жасаған жұмыстары туралы хабардар етеді. Бақыт Түменова өзі редактор болып отырған басылымның қызметінде сот өкілдері қандай қылмыстылық көргенін түсінбей отыр. Қарапайым халықты денсаулық сақтау, медициналық көмек берудегі адам құқықтары туралы хабардар етудің пайдасы болмаса, еш зияны жоқ екені айқын.

Сот ескертуінде жазылғандай, газетті шығараруды тоқтату Медеу аудандық сотының 22 қараша күнгі шешіміне негізделген. Бір қызығы, 22 қараша күні басқа да бірнеше басылымдардың қызметін тоқтату туралы шешімдер қабылданған. Бұл басылымдардың барлығы оппозициялық деп танылған екен.

Жабылатын газеттер тізімінде «Взгляд», «Голос Республики» және т.б басқалары бар.

Естеріңізге сала кетейік «Амансаулық» қоғамдық қоры үкіметткік емес ұйым,, 2007 жылдан бастап азаматтардың денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғаныс пен бостандықтан айырылған азаматтардың құқық қорғауымен айналысатын қызметті атқарып келеді. Осы бағытта қор бірталай зерттеулер жүргізіп те үлгерді.

Автор:
-----