Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

КҰРМЕТТІ БУКУРОВА ГУЛЬЖАХАН МАДАХМЕТОВНА!!!


7 декабря 2012, 16:16 | 1 736 просмотров


Сізді 60 жасқа толған торқалы тойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіз денсаулық саласында көп жылдар бойы өнегелі еңбек етіп, тындырымды істер атқарып келесіз. Бүгінде ұжымымыз Сізді үлкен абырой-беделге ие болған тәжірибелі, үздік маман ретінде құрмет тұтып сыйлайды.

Денсаулығыңыз мықты, жүзіңіз жарқын, ғұмырыңыз ұзақ та мағыналы болсын деген ізгі ниетпен Сізге бақыттың баяндысын, дәулет-ырыстың Сыр суындай сарқылмасын, табыс-тартулардың тау суындай таусылмасын тілейміз.

Әрқашан мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!

Құтты болсын келген туған күніңіз,

Тілекші көп,бізде соның біріміз.

Ортамызда жанашыр боп жүресің,

Болғаннан соң бірге шыққан түбіміз.

Үзілмесін өміріңнің жыр – әні,

Бақытыңның өрге тартып бұлағы.

Еңбегіңнің тек зейнетін көре бер,

Келер күннің сәулелі боп шуағы.

Автор:
Сарқан ауданы Мұқан Төлебаев ауылы Стоматология қыздары, Дәрігерлік амбулатория ұжымы.