Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Қарашаның 15-де Астанада «Әлеуметтік жаңғыру жолындағы денсаулық сақтау реформалары» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтіп, «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында институционалдық реформалар жүргізу және технологиялар беру» жобасын іске асыру б


23 ноября 2012, 11:03 | 1 548 просмотров


Аталған жоба шеңберінде нақты нәтижелерге қол жеткізілді:

- денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың прогрессивтік әдістері енгізілуде;

-денсаулық сақтау саласының 3 мыңнан астам менеджері оқытылып, еліміздің 35 емдеу мекемесінің өкілі Финляндияға барып, біліктіліктерін көтеріп қайтты;

-денсаулық сақтау менеджерлері үшін Ұлыбританияның ұлттық кәсіби стандарттарына негізделген жаңа біліктілік талаптары әзірленді;

-аурухана секторын қайта құрылымдау жоспары, денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту тұжырымдамасы дайындалып жатыр;

-денсаулық сақтау саласындағы сапа жөніндегі халықаралық қоғамдастық 2012 жылы ауруханаларды аккредиттеудің жаңартылған қазақстандық стандаттарына 2016 жылға дейін сертификат табыстады;

-дәрігерлердің біліктіліктерін тәуелсіз бағалау үшін Республикалық білім және дағдылар орталығы құрылып, 6 медициналық жоғарғы оқу орны озық технологиялық оқыту симуляциялық құралғылармен жабдықталды;

-азаматтарды дәрімен қамтамасыз етудің қолжетімділігін және сапасын арттыру бағытында үлкен жұмыстар атқарылды;

-тағам қауіпсіздігі мәселелері бойынша заңнама үйлестіріліп, бақылау тиімділігін арттыру тетіктері әзірленді;

-денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйесін дамытуға үлкен үлес қосуда.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік жаңғыру – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауында айтылған міндеттерді іске асыру шеңберінде, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында жүргізіліп жатқан реформалардың маңыздылығын ескере отырып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Жобаның мүмкіндіктерін барынша пайдалануды жоспарлап отыр.

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу аяқталып келеді. Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірінде халыққа жоғары мамандандырылған көмек көрсететін кардиохирургиялық орталықтар ашылды. Елбасы тапсырмасымен Астанада әлемдік деңгейдегі Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық ашылып, елге қызмет етуде.

Инсульт дертіне шалдыққан науқастарды емдеу мақсатында халықаралық стандарттарға сай 8 инсульт орталығы құрылды. Биыл еліміздің онкологиялық қызметін жаңғыртуға бағытталған ауқымды жоба іске асырыла бастады. Бағдарлама мақсаты – Қазақстанға бүкіл әлемде бар озық технологияларды әкелу арқылы обырдан болатын сырқаттанушылық пен өлім-жітімді азайту.

Шетелдің жетекші клиникаларымен байланыстағы 186 телемедициналық орталық жұмыс істейді. Үш емдеу-диагностикалық пойызы алыс аудан тұрғындарына жоғары білікті көмек көрсетуде. Медициналық кешен-автоемханалар саны 50-ге жеткізілді. Санитарлық авиация мүмкіндіктері кеңейтілуде.

Еліміздің негізгі демографиялық көрсеткіштері: туу, жалпы өлім-жітім, халықтың табиғи өсімі көрсеткіштері жақсарды, ана және нәресте өлім-жітімі азаюда, туберкулез, қатерлі ісік, инфекциялық патологиялар, жүйке және наркологиялық ауытқушылық, жарақаттанушылық көрсеткіштері тұрақты төмендеуде.

Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына 20 қадам» атты мақаласында берілген тапсырмалар денсаулық сақтау жүйесін әрі қарай дамытуға жаңа серпін береді.

Бүгінгі күні халықаралық кеңесшілер жәнен Бүкіләлемдік банктің жетекші сарапшыларымен бірлесіп ортақ жауапкершілік тетіктерін енгізу мен денсаулық сақтау секторын әрі қарай дамыту тетіктері жан-жақты талқылануда.

Сондай-ақ, мынандай бағыттарға назар аудару қажет:

- денсаулық сақтау саласында автономияның жаңа формаларын және менеджментті дамыту негізінде Бірыңғай төлеуші жүйесінде қызмет сапасын арттыру және ресурстарды тиімді пайдалануға ынталандыратын төлем әдістерін жетілдіру;

- денсаулық сақтау секторында мемлекеттік – жекеменшік серіктестік тетіктерін енгізу;

- амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту;

- медициналық кадрлардың сапасын арттыру;

- электронды денсаулық сақтау саласын дамыту.

Атқарылған жұмыстарды бірлесіп талқылау «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамыту бағытындағы іс-шараларды пысықтауға мүмкіндік береді. Кездесуге қатысушылар тарапынан айтылған барлық ұсыныстар жалпы жүйені дамытуға пайдалы болары сөзсіз.

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында институционалдық реформалар жүргізу және технологиялар беру» жобасын іске асыру мерзімін 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасымен үйлестірілген іс-шараларды тиісті деңгейде аяқтауға ықпал етеді.

Бірлескен үйлесімді жұмыстар, нақты нәтижеге ұмтылу алға қойған мақсаттарға жетіп, өзара ынтымақтастықты дамытуға негіз болады.

Автор:
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.