Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ТОҒЫЗ АЙДА 577 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТАЦИОНАРДЫ ЕРКІН ТАҢДАУ ҚҰҚЫҒЫН ПАЙДАЛАНДЫ


23 ноября 2012, 11:02 | 1 361 просмотр


«2012 жылдың 9 айы ішінде стационарда жоспарлы ем қабылдаған 577 мыңнан астам адам стационарды еркін таңдау құқығын пайдаланды, олардың 46% ауыл тұрғындары», - делінген ведомство хабарламасында.

Өз өңірінде ем алған 92,3% азаматтың 46% ауыл тұрғындары, басқа өңірлерге барғандар 1,9%, олардың 66,5% ауыл тұрғындары, республикалық клиникаларда мамандандырылған көмек алғандар 5,8%, олардың 16,7% ауыл тұрғындары.

Денсаулық сақтау министрлігінде атап өткендей, БҰДЖ енгізгеннен бері ауылдық секторды қаржыландыру көлемі 30-дан 45,5 млрд теңгеге дейін өскен. Бұл аудандардағы ауылдық медициналық жәрдемнің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған- халықты скринингтен өткізу, көліктік медицинаны енгізу сияқты шаралар кешенін қоса алғанда, негізгі көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін (БҰДЖ) енгізу жалғасуда. Бұл стационарды еркін таңдау мүмкіндігін, медициналық ұйымдардың оңтайлы желісін құруды, кепілдендіріліген тегін медициналық көмектің тізімі мен көлемін арттыруды (КТМКК), дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, көлік жүйесін құруды қарастырады.

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ