Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ӘРБІР ОН СЕКУНД САЙЫН ӨКПЕ АУРУЫНАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛАДЫ


16 ноября 2012, 17:33 | 1 360 просмотров


Соңғы он жылдың ішінде Қазақстанда өкпе ауруына шалдыққандардың саны екі есе өсті. Бұл туралы Астанадағы баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас пульманологы, медицина ғылымдарының докторы Ирина Козлова мәлім етті.

«Өткен жылы бұл көрсеткіш 100 мың халыққа 321 адамды құрады. Енді, салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, қант диабетіне шалдыққандардың саны 100 мың халыққа 158 адам болып отыр. Демек, бұл өкпе ауруына шалдыққандардың екі есе өскендігін көрсетсе керек», - дейді И.Козлова. Маманның хабарлауынша, бүгінде әлем бойынша өкпе ауруына шалдыққандардың саны 210 млн. адамға жетті. Одан әрбір он секунд сайын бір адам қайтыс болады. Бұл ауруды болдырмаудың бір жолы - темекі шегуді барынша қысқарту.

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ