Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АЙТУЛЫ КҮН АТАЛЫП ӨТІЛДІ


16 ноября 2012, 17:29 | 1 641 просмотр



Қараша айының 11-ші жұлдызында облыстық орталық поштада «жазылушылар күні» өтті. Дәстүрге айналған бұл шара Дүниежүзілік пошта күніне қарай орайластырылды. Пошта қызметкерлерінің төл мерекесіне қала тұрғындары көптеп жиналды. «Қазпошта» АҚ бөлімшесінің ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі мерекеге арнайы келген облыстық, республикалық басылымдар ат салысып, өз ақпарат құралдарын көрмеге қойды.

Дәл осы күні пошта қызметі арқылы 10-15 пайыз жеңілдікпен басылымдарға жазылу да жүріп жатты. Басылымға жазылушылардың да қарасы көп болды. Бұл шара газет авторларының мерейін үстем ете түсті. Мерекелік шара ары қарай поштаның дүниежүзілік күніне арналған конференциямен жалғасты. Конференция барысында облыс әкімінің орынбасары Бескемпіров мырза сөз алып, пошта қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, құрмет грамоталарымен марапаттады. Одан әрі құттықтау сөзді аймақтық Нұр-Отан партиясының мүшесі – Г. Тойлыбаева алып, пошта қызметкерлеріне алғыс хаттарын табыс етсе, өмірнің 39 жылын пошта саласына арнаған ардагер - Қ.Қ.Қалимолданов пошта саласы, қызметі жайлы өз тәжірибесімен бөлісіп өтті. Шара соңында облыстық пошта бастығы - Әбілқайыр Қайрошұлы Қаженов мырза пошта қызметкерлерін мерекелерімен құттықтай келе, мекеме қызметінің қазіргі жетістіктері жайлы конференцияға қатысушыларды құлақдар етті.

Дүниежүзілік пошта күні әдетте қазан айында аталып өтетіндігі аян. Биылғы жылы атаулы күннің бір ай мерзімге шегерілгенінің өз себебі де бар. Бұл, Талдықорған қалалық пошта орталығының облыстық поштадан жекешеленуі. Осы уақытқа дейін облыстық пошта мен қалалық пошта алаңы бір болса, ендігі жерде қалада екі пошта мекемесі халыққа қызмет атқатарын болады. Біз де өз кезегімізде «айшылық алыс жерлерден» хабар жеткізіп, ел мен елді, жер мен жерді байланыстырып отырған пошта қызметкерлерінің еңбектеріне табыс тілейміз.

Автор:
Әйгерім БАҚТЫБАЕВА Суретті түсірген: Айдын КӘЛІМХАН