Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

САБЫН ЖЕЙТІН ҚЫЗ


9 ноября 2012, 02:23 | 2 421 просмотр



Сабын десе, аузының суы құритын қыздың есімі - Темпест Хендерсон. Флорида қаласының тұрғыны."Мен сабын жегенді ұнатамын, ол маған есірткі сияқты", - деп 19 жасар қыз ағынан жарылады. Дәрігерлер бұл құмарлықтан қорқып отыр. Олардың айтуынша, сабынға тәуелділік бойжеткеннің денсаулығына ауыз толтырып айтарлықтай залал келтіруі мүмкін. Тіпті оның өліміне де сабын себепші боларын баса айтуда. Бірақ оны тыңдап, елейтін қыз жоқ. Сабынға деген махаббаты күн сайын өршіп барады. Сабынқұмар бойжеткен оны тамақ орнына пайдаланып қарын тойғызады. Әрине, бұл оның еркіндегі дүние де емес. Ішкі ағзасы қалап тұрған соң, амалсыз аузына алады. Күнделікті тіскебасары ретінде сабынды таңдаған жас қыздың денсаулығы әлемді алаңдатып отыр.

Автор:
---------------