Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

СҮЙЕГІҢ СЫНСА ВЕТТЕХНИКТЕН КӨМЕК КҮТ


28 августа 2009, 21:31 | 2 166 просмотров


Жыл онекі ай кезеңіінің бірінде аталын мереке күндерінің бірі еді. Қақақан қыс, үскірік аяз, тіпті түкірігің жерге түспейді. Солтүстік аудандардың бірі. Мерекелік дастархан басындағы қонақтар «біраз жерге» барып қалған. Үй иесі барын жайып, күтіп жатыр, қайтсін енді. Қонақтардың көбі облыс орталығынан келген.

Айтпақшы, облыс орталығы демекші, ара қашықтық шамамен 180 шақырым.

Бірде кіре беріс бөлмедегі телефон бар дауысымен шырылдай жөнелді. Бірінші болып жүгіріп барған отағасы сені шақырады деп маған келді. Тыңдап тұрмын. Ар жақтан жиен қарындасымның дауысы естіледі. Бірде жылайды, бірде қояды,не айтып тұрғанын ұқпаймын.

- Меруерт, дұрыстап айтшы, не болып қалды,-деймін.

Сөйтсем, қарындасым көрші үйге барып келе жатқанда қараңғыда көктайғақта тайып жығылған. Оң қолы иығынан шыққан ба білмеймін, әйтеуір қолы қатты ауырып, маңайы ісіп бара жатқан көрінеді. Мен дереу кезекші дәрігерге хабарластым. Бірақ, ар жақтан еш жауап жоқ.

-Әуреленбе. Ол да адам баласы ғой, қыдырып кеткен шығар. Бізде ондай жағдайлар кездесіп тұрады,- деді Жасан досым.

-Енді не істейміз,-деймін өзімді қоярға жер таппай.

-Қазір мен біреумен хабарласамын. Көмек берсе, сол бере алады,- деді әлгі.

Сөйтсем, мен оны танитын болып шықтым. Лақап аты КСРО – ның алғашқы Президенті.Басындағы шашы мен қалына қарай, ауыл тұрғындары солай атап кеткен.

-Оу-бауырым, ол ветсанитар ғой,- деппін сасқанымнан.

-Мал дәрігері де дәрігер, - деп Жасан кесіп айтты.

Ветсанитарға хабарластық. Үйінде екен. Біз айтқан үйге баратын болып келісті. Жеткенімізде сол үйде кезекші медбике мен медсанитар тұр.

-Дәрігер қайда, науқасты қарадыңдар ма? – дегенімізге олар мардымды жауап бере алмады. Ұққанымыз кезекші дәрігер көрші ауылда көрінеді.

-Науқасқа қандай жәрдем бере аласыздар,- дегенімізде.

-Облыс орталығына жеткізу керек. Рентгенге түсіріп, не болғанын анықтау сол жақта ғана белгілі болады,- дейді әлгілер.

Сөйтсек, көлік, оған қажетті жағар май жоқ. Таң атқанын күту керек.

-Спирт пен май болса жеткілікті,-деді науқасты қарап шыққан ветсанитар.

Сұрағанын бердік. Қарындасымның иығын жалаңаштап, екі сүйықтан жасаған қоспаны жақты. Қарап тұрмыз. Оң қолын еппен жоғары көтеріп, бұрап қалғанда «сырт» еткен дауыс анық естілді.

-Болды. Ертең түсте шай құйып беруге жарап қалар. Әзірге демалсын,- деді ветсанитар – «президент».

Айтқаны келді. Ертеңінде түсте біз мол жайылған дастархан басында түнде болған оқиғаны шек-сілеміз қатқанша күліп, еске алып, ашы қуырдақ пен ыстық шай ішіп отырдық...

Автор:
Тау ШҰБАР