Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АКЦИЯ ӨТТІ


26 октября 2012, 20:50 | 2 222 просмотра



2012 жылдың 19 қазанында Талдықорған қаласында қалалық емханада «Дұрыс тамақтанып-жеңіл өмір сүр» акциясы өткізілді. Акцияда қала тұрғындары дене салмағын өлшеп, дәрігерлерден қалай тамақтанып, дене салмағын қалыпта ұстауға болтыны туралы тегін кеңестер алды. Бұл акцияны Ұлттық салауатты тамақтану орталығы Алматы облыстық департаментінің қызметкерлері ұйымдастырды.

Ұлттық салауатты тамақтану Орталығы Алматы облысы бойынша МСЭҚКД бірге 2012 жылдың 20 қазанында «Салауатты тамақтану – заманауи өмір дәстүрі» атты жалпы республикалық акция өткізді.

Осы акцияда дұрыс тамақтану туралы халықтың ақпараттану деңгейін жоғарылату және тамақтану әдетін өзгерту арқылы оны жақсартуға бағыттау көзделді. Бұл игі шараға әркімнің, толыққанды өмір сүрудің негізі болып табылатын салауатты тамақтанудың әлеуметтік маңызын айқындай түсетіні анық.

«Салауатты тамақтану – заманауи өмір дәстүрі» акциясы күнделікті рационды қалай дұрыс қалыптастыру, өзіңізге және жанұяңызға қандай пайдалы өнімдерді таңдауды үйретуге бағытталған. Сонымен қатар, күн сайын қажетті тағам өнімдерінің қолайлы құрамын анықтауға және қарапайым тағамдардан ағзаға пайдалы ақуыздар, дәрумендер, микроэлементтер және басқа да шипалы затектерді қалай алуға болатыны туралы толық ақпарат берілді. Мектеп жасындағы балалар салауатты тамақтануды насихаттаушы құрал ретінде қарастырылып, Назарбаев зияткерлік мектебі және №2 орта мектебі оқушылар арасында өткізілді. Сонымен қатар акциялар барысында тақырыпқа сай буклеттер және басқа да көрнекті коммуникациялық материалдар таратылды.

Автор:
Рубриканы дайындаған Ж. МӘТІБЕК, Ұлттық салауатты тамақтану Орталығы Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкері