26 октября 2012, 20:49 | 1 928 просмотров
Жас адамның қанын дәрі ретінде жіберу ми және ағзаның жасаруына ықпал тигізеді деген тұжырымға Стэнфорд университетінің биологтары келді. Ғалымдар тәжірибе барысында кәрі тышқандарға жас кеміргіштердің қанын инъекциялайды. Бұл әдіс ми қабығы жасушаларының байланысын жаңартатын көрінеді. Нәтижесінде кеміргіштердің еске сақтау қабілеті жақсарып, жасы келген тышқандар жастарға тән әрекет жасаған. Осындай зерттеудің келесі сатысы –Альцгеймер ауруына ұқсас ауруға шалдыққан кеміргіштерге жас қанды инъекциялау болмақ. Мамандардың болжауынша бұндай әдіс оң нәтиже беріп, кәрілік кем ақылдылығын емдеуде тиімді болмақ.