26 октября 2012, 20:48 | 1 883 просмотра
37-жасар чех Якуб Халик –жүрексіз жарты жыл өмір сүрген бірінші адам. BBC хабарлауынша өз жүрегін жасанды жүрекке алмастыру отасынан кейін жарты жыл өмір сүрген Якуб Халик бауыр жетімсіздігінен дүние салды. Науқастың өмірден өткенін Прага университетінің бас кардиохирургі Ян Пирк хабарлаған еді. 2012 жылдың сәуір айында Ян Пирк басқарған кардиохирургтер тобы Якуб Халиктің жүрегін алмастыру отасын жасаған.
Мамандар науқасқа жасанды жүрек салған. Өз жүрегін жасанды жүрекке алмастыруға марқұм қатерлі ісіктің аса ауыр түріне шалдыққаннан кейін барады. Донорлық жүректі алмастыру бұл жағдай мүмкін емес еді, себебі жүрек трансплантациясынан кейін қабылдайтын иммундысупресорлар қатерлі рак ауруына шалдыққандарға зарарлы. Пирк мырзаның айтуынша, науқастың өліміне жасанды жүректің қатысы жоқ. Жасанды жүрек ағзада жақсы жұмыс істеп тұрған. Науқастың өлімі оны емдеген дәрігерлерге күтпеген жағдай болды. Ал бауыр жетімсіздігі қалай пайда болғанын 3 аптадан кейінгі анализ қортындысынан белгілі болады. Бұған дейін 2011 жылы жасанды жүрек салған американдық Крэйг Льюис есімді азамат отадан бір апта өткен соң көз жұмған.