Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

БОТОКС


26 октября 2012, 20:48 | 2 277 просмотров



Ботоксты медицина және косметологияда пайдаланудың күннен-күнге жаңа тәсілдері ашылуда. Калифорния университетінің мамандары енді ботоксты мойын және иық ауырғанда қолдануды ұсынып отыр.

Ғалымдар 2 ай бойы мойын ауруы маза бермей, еш ем көмектеспеген 100 науқасқа ботокс инъексиясын енгізген. Нәтижесінде, ботокс иньекциясы мойын және иық ауырғанын басып қана қоймай, бас ауруын да тоқтатқан. Енді ғалымдар бұл жаңалықтың қорытындысын Американдық анестиезиологтар қоғамының жиналысында ұсынбақ.

Ал, австралиялық мамандар болса ботоксты маусымдық аллергиядан емдейтін дәрі ретінде пайдаланбақ. Алғашқы зерттеулер оң нәтиже көрсеткен екен. Ғалымдар бұл жұмыста құрамында ботокс бар гель қолданылатыны айтып өтті. Бұл гельді мұрынның ішіне жағып қою керек. Осы дәріден кейін адам аллергиядан 3 айға дейін құлан таза болады. Дәрінің құпиясы неде? Дәрігерлер ботекстің молекуласын сәл өзгерткен. Енді ботекс тек тері арқылы ғана емес, мұрынның ішкі тесіктері арқылы да өтетін болды. Мұрынның ішіне өтіп, ботулиндік токсин (ботулинический токсин) мұрын жүйкелеріне әсер ете отырып, аллергиялық белгілердің дамуын блокадалайды. Зерттеудің ендігі кезеңінде 70 адам қатысатын болады. Ботокстың зиянсыз екеніне күмән жоқ. Себебі оны сонау 90-жылдардан бері қолданып келеді.

Автор:
Бетті дайындаған Мәдина ОМАРҚҰЛОВА