26 октября 2012, 20:47 | 1 798 просмотров
Футбол ойнау орта жастағы ер азаматтарға қан қысымын қалыпқа келтіру және инсульт болу қаупінен сақтайды. Бұл тұжырымға Даттық ғалымдар келді.
Спортпен шұғылдану гиертонияны бодырмаудың бірден-бір жолы екені бұрыннан белгілі. Алайда спорттық дәл қай түрінің ең тиімді екені жайлы дау бітер емес. Осы сұрақтың нақты жауабын анықтау үшін, мамандар 33-54 жас аралығындағы бір топ еркектер қатысқан спорттық тәжірибе жасады. Еріктілер екі топқа бөлінеді. Бірінші топ 6 ай бойы аптасына 2 рет 1 сағаттан футбол жаттығуына қатысқан. Екінші топтан ғалымдар салауатты өмір салтын ұстануды сұрайды. Нәтижесінде жарты жылдан соң футбол ойнағандардың 75%-ында қан қысымы қалыпты жағдайға келген.