Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Автоваз Қазақстанда өндіріс орнын ашады


12 октября 2012, 01:14 | 1 207 просмотров


Автоваз қазақстандық «Азия авто» АҚ және «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ компанияларымен бірігіп кәсіпорын құруға келісімшарт жасасуда.

Келсімге және бұрын жасалған меморандумдарға сәйкес жобаның қатысушылары Қазақстанға қарайтын ақционерлік қоғам ретінде «АЗИЯ АВТО ҚАЗАҚСТАН» кәсіпорнын құрады деп жоспарлануда.

Алдын ала жоспарланған инвестиция көлемі - 400 млн. АҚШ долларын құрап отыр. Зауыттың өнімі негізінен Қазақстан, Ресей, Орталық Азия және Кавказ елдерінде таралмақ.

Келісімге сай 2015 жылға дейін зауыттың қуаттылығын жылына 60 мың көлікке дейін апару жоспарланған. Ал дамытудың екінші кезеңінде 120 мыңға дейін жеткізіледі.

Қыркүйекте Павлодар қаласында өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы ІХ аймақаралық ынтымақтастық форумында бұл жоба екі ел басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің қодауына ие болған еді.

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ