Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Литва дәрігерлері шымкенттік медициналық қызметкерлері үшін шеберлік сабақтарын өткізуде


27 сентября 2012, 14:10 | 1 820 просмотров


Шеберлік сабағының тақырыбы: «Жедел медициналық көмектің заманауи қарқынды курстары». Шымкентте Литваның Каунас қаласынан келген халықаралық деңгейдегі 25 нұсқаушысынан тұратын көшпелі бригада жұмыс істеуде, сабақтар Шымкент қаласының №7 емханасында өтуде. ОҚО денсаулық сақтау басқармасының хабарламасы бойынша, шеберлік сабағының мақсаты - жедел медициналық көмек қызметкерлерін шұғыл шараларды сапалы өткізуге үйрету. Жедел медициналық көмекте «алтын сағат» ерекше маңызды, өйткені онда аурудың ауыр өтуінің, өмірге қауіпті асқынудың алдын алуға болады.

Топтар дәрігерлер мен фельдшерлерден тұратын бригадалардан құралған. Шеберлік сабақтарында барлығы 527 медициналық қызметкер оқытылады. Тәжірибелік сабақтарда пациенттердің негізгі өмірлік функцияларын (тыныс алу, қан айналымы) қалпына келтіру, түрлі жарақаттар мен жазатайым оқиғалардағы жедел медициналық көмек көрсету дағдылары үйретіледі.

Өз кезегінде халықаралық кластағы мамандар бүкіл Оңтүстік Қазақстанның жедел медициналық қызмет мамандарын оқыта алатын аймақтық жаттықтырушыларды дайындайды.

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ