27 сентября 2012, 13:50 | 1 712 просмотров
Қазір Қазақстан бойынша аусыл ауруының ошағы жиі тіркелуде, осы індеттен малдың қырылу оқиғалары да көбеюде. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі ауру малдың етінен аулақ болуға шақырады.
«Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі ар¬найы белгіленген сауда орындарынан басқа жерлерден ет сатып алмауға кеңес береді» деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігі.
Министрліктің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 1948 жыл¬дан бүгінгі күнге дейін мал арасындағы жұқпалы аусыл («күйдіргі» деп те аталады) ауруының ошақтары 1767 рет тіркелген. Ол жерлерде үзбей бактериологиялық мониторинг жасалады, ірі қара және ұсақ малдарға ұдайы ветеринарлық қадағалау жасалады. Өйткені бұл инфекциялық қауіпті ауру малдан адамға тез жұғады. Сондықтан қолда ұстайтын малдың барлығын әртүрлі кеселден сақтау үшін уақытында ветеринар дәрігерлерге ектіріп отыру керек. Егер қолда ұстайтын үй жануарларының ауру екендігі анықталған жағдайда өртеу арқылы дереу жойылады.
Қазақстанның Бас санитар дәрігерінің мәлімдеуінше, биылғы жылы біздің елімізде күйдіргі ауруына шалдыққан адам тіркелмеген. Дегенмен шекараға жақын ауылдарда ауру малдың шығуы тіркеліп жатыр. Ресей Федера¬циясына қарасты Алтай өлкесінде үй жануарларының аусылмен ауруы 13 рет тіркеліпті. Ауру ошақтары көрші Қырғызстанда да көп тіркелген. Оларда тіпті, адамға жұғу фактілері болған. Мысалы, соңғы бір айдың ішінде Қырғызстанда күйдіргі ауруының диагнозымен тоғыз адам ауруханаға жатқызылыпты.
Ауырған малдың еті базарларға шығарылмайды, ет дүкендеріне түспейді. Өйткені онда ветеринарлық қызмет бұл жағын қатты қадағалайды. Бірақ ел ішінде арзанға сатылып, тарап кетуі мүмкін. Сондықтан санитарлық дәрігерлер арнайы сараптамадан өтпеген мал етін арнайы сауда орындарынан басқа жерлерден сатып алу қауіпті екендігін ескертеді.