Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Келешекте жүрек ауруларын емдеудің үш жүйесі бірдей жүзеге аса бастайды


7 сентября 2012, 14:03 | 1 361 просмотр


Бұл туралы Астанада өткен кардиохирургтардың бірінші ұлттық конгресінің жұмысы барысында мәлім болды.

Атап айтқанда, Германия госпиталінің алдыңғы қатарлы кардиохирургы Латиф Арусоглудың айтуынша, әлемдік кардиология саласында жүрек дертімен күресудің 3 жүйесі бар. «Ал Қазақстанда қазір соның екеуі сәтті жүзеге асып, тәжірибе барысында кеңінен қолданылуда. Ендігі күні Қазақстан үшінші жүйені игеруге кірісіп жатыр. Алдағы жақын аралықта оған да қол жеткізуге болады деген ойдамын», - деді неміс маманы.

Бұл ретте шетелдік сарапшы Қазақстандағы кардиохирургия мен осы саланың даму келешегі жағдайын аса жоғары бағалайтынын жеткізді. «Бұл менің Қазақстанға үшінші сапарым. Қазақстанда жалпы аймақ үшін аса үлкен маңызға ие жақсы мамандар командасы жасақталған. Бұнда өңірлерде кездеспейтін бірегей кардиохирургия орталығы да бар», - деді ол.

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ