Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Аллаға өз пенделерінің дене мүшелері емес, рухы керек


7 сентября 2012, 14:02 | 1 676 просмотров



Қазақстанда қазір трансплантация жасау әдетттегі жағдайға айнала бастады.

Оны ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Алматыда А. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығы дәрігерлерінің төртінші реткі бауыр ауыстыру операциясының нәтижесіне байланысты өткізілген телеконференцияда айтты.

«Операцияның сәтті жасалуымен орталық ұжымына өз алғысымды білдіремін. Сондай-ақ барлық пациенттердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Қазір Қазақстанда да трансплантация жасауға мүмкіндік бар. Оған біздің медициналық қызметкерлеріміз дайын. Мәселе тек ауыстыруға қажетті органдардың болуында», - дейді С. Қайырбекова. Министрдің айтуынша, қазір жұртшылықты донор болуға үндеуде үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен түрлі іс-шаралар жүзеге асырылуда. Мәселен Алматы қаласының имамы жұма намазы кезінде Аллаға өз пенделерінің дене мүшелері емес, рухы керек екеніне намазхана қауымның назарын аударған. Алдағы уақытта мұндай жұмыс Астанада да өз жалғасын таппақ.

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ