Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ХАЛЫҚ САПАЛЫ ДӘРІЛЕР ТУРАЛЫ АҚПАРТҚА ЗӘРУ


24 августа 2012, 22:40 | 1 808 просмотров


7 ай ішінде 13 мың адам дәрі-дәрмек туралы ақпаратты білу үшін Дәрі-дәрмек ақпараттық-сараптамалық орталығына хабарласқан. Бұл туралы Денсаулық сақтауды дамыту туралы республикалық орталығының баспасөз қызметі хабарлады. Жыл басынан бері халықтың дәрі-дәрмек туралы білгісі келгендер саны есейген. Соның ішінде ДАО мамандарына Астана қаласы (барлық жүгінгендердің 19 пайызы) мен Оңтүстік Қазақстан облысының (14 пайызы) тұрғындары ең көп хабарласқан. Алматы, Қарағанды, Ақмола, Қызылорда және Атырау облыстарының халқы ең төменгі белсенділік танытқан (1-3 пайыз аралығында).

Сәйкес мәліметтерге сүйенсек, орталыққа хабарласқан халықтың 48 пайызы дәрі-дәрмекті қолдану тәсіліне қатысты сұрақтарын қойған. Кепілдендірілген тегін медициналық көмек тізіміне енетін дәрілерге қатысты сауал қойғандардың үлесі 11 пайыз. Дәріні ауыстыруға қатысты мәселеде де өзекті сауалдар қатарынан табылған – 9 пайыз. Дәрілердің бағасы мен оны сатып алу мәселелері бойынша әр 4-ші адам хабарласқан.

Ақпарат көздерін анықтау мақсатымен жүргізілген талдау бойынша, бұқаралық ақпарат құралдары – 59%, дәріханалардың анықтамалық қызметі - 19%, және 13%-ды сыртқы жарнама құраған. Қарапайым халықтың дәрі-дәрмек туралы ақпаратты білгісі келіп, және сол сапалы ақпаратпен халықты қамтамасыз ететін орталықтардың бар болғаны қуантады. Дегенмен осындай орталықтардың бар екенін білмейтін азаматтарымыз баршылық.

Республика бойынша дәрілік заттарды қолдануға қатысты халықты ақпараттандыру іс-шаралары үнемі өтіп тұрады. Іс-шаралар жоспары аясында Дәрі-дәрмек ақпараттық-сараптамалық орталығы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен, Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетімен, Облыс денсаулық сақтау басқармаларымен және медициналық жоғары оқу орындарымен қоса тығыз байланыста болып, әлеуметтік шараларды өткізуде Фармацевтикалық қауымдастықтармен бірге өзара әрекет жасайтын болады.

Жоспар бойынша, дәрілік бюллетеньдердің, буклеттердің, өзекті мәселелерді қамтитын парақшалардың тиражын арттыру, әлеуметтік желілерде белсенді түрде дәрі-дәрмектерді қабылдау, сақтауға дұрыс әрі қауіпсіз көзқарасты қалыптастыру, өзін-өзі емдеуге жауапкершілікпен қарауды насихаттау жұмыстары жоспарлануда. Апта сайын әлеуметтік шаралар, халықтың дәрілік сауаты деңгейін арттыруға бағытталған дәрістер, презентация, семинарлар, ашық есік күндері, дебат, денсаулық фестивальдары, конференциялар, маусымның өзекті тақырыптарына арналған апталықтар мен айлықтар, және барлық облыстарда ақпараттандыру апталықтары өткізілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылдың 10 шілде күні Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласындағы 14 бағытында азаматтардың денсаулығына деген жауапкершілікті арттырудың маңызды бөлігі - халықтың дәрілік сауаты деңгейін арттыру қажеттілігін сөз етті.

Мемлекет басшысы өзінің үндеуінде халық денсаулығының жай-күйі мен отандық денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерді ерекше атап өтті. Бұл ретте әрбір адамның өз денсаулығы үшін жауапкершілігін арттыру қажеттілігіне, жұмыс беруші мен мемлекет тарапынан азаматтардың денсаулығы үшін жауапкершілікке де ерекше тоқталды. Саламатты өмір салтының, дұрыс тамақтану, дене шынықтырумен және спортпен шұғылданудың маңызы, халықтың дәрілік заттарды қолдануы бойынша ақпараттандырылу деңгейін арттыру жөніндегі шараларды қабылдау маңыздылығы да айырықша аталды.

Осыған байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Президенттің үндеуін іске асыру мақсатында, барлық аймақтарды қамтитын дәрілік заттарды қолдануға қатысты халықты ақпараттандыру деңгейін арттырудың пәрменді тетіктері енгізілген.

Дәрі-дәрмек ақпараттық-сараптамалық орталығы Астанада 2009 жылдан, және Қазақстанның барлық облыстарында 2011 жылдың соңынан бастап жұмыс істейді. ДАО басты мақсаты – халыққа және медицина қызметкерлеріне дәрі-дәрмек, тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберіндегі дәрілік қамтамасыздандыру және т.б. мәселелер бойынша дәйекті ақпарат ұсыну. Дәрі-дәрмек ақпараттық-сараптамалық орталығы азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде тегін дәрілерге құқықтары, дәрілік заттарды ауыстыру мен сақтау шарттары, препараттардың тиімділігі мен ықтимал жанама әсерлері жөніндегі сұрақтарына 8 800 080 88 87 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) бірыңғай телефон желісі арқылы және www.druginfo.kz сайты арқылы жауап береді.

Автор:
Назерке ИБРАИМОВА.