Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ПАВЛОДАРДА ТАНЫМАЛ АСТАНАЛЫҚ ХИРУРГТЫҢ ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТТІ


24 августа 2012, 22:37 | 1 785 просмотров



Павлодар облыстық балалар ауруханасында медицина ғылымдарының докторы Нұрлан Арын күрделі патологиясы бар балаларға ота жасау бойынша шеберлік сабағын өткізді.

Екі күн ішінде астаналық хирург ауыр науқас балаларға он ота жасады. Олардың арасында - туа біткен өкпе патологиясы бар салмағы 1,5 келі болып күні жетпей туған бала, көкірек қуысы өзгеріске түскен екі бөбек және бүйрек патологиясын түзету отасын жасады.

Жоғары кәсіби маманның шеберлік сабағы жергілікті дәрігерлердің кәсібилігін арттыру және автордың өзіндік әдістерін жетілдіру үшін өте маңызды. Бұл дәрігердің Павлодарда өткізіп отырған алғашқы қайырымдылық оталары емес.

Танымал ғалым, профессор, ҚР «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрлан Арынның арқасында күрделі және созылмалы, туа біткен және жүре пайда болған аурулары бар мыңдаған балалар мен ересектердің өмірлері аман сақталып қалды.